1. Ұлттық, мемлекеттiк холдингтiк және акционерлiк компанияларының акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулылары негiзiнде берiлген 1 қосымшаға сәйкес мемлекеттiк мүлiктi иеленуге, пайдалануға және басқаруға берiлген құқығы тоқтатылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сату үшiн, сырттай басқаруға тиiстi компаниялардың басқаруына берiлген, құқықтары тоқтатылған акциялардан басқасы Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берiлсiн;
осы компаниялардың борыштары мен мiндеттемелерi бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп, құқықтық мұрагерлерiн айқындасын. 3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiнiң 2 қосымшаға сәйкес күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 1725 қаулысына 1 қосымша Акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк мүлiктерiн иеленуге, пайдалануға және басқаруға берiлген құқығы тоқтатылатын ұлттық, мемлекеттiк холдингтiк және акционерлiк компанияларының Т I З Б Е С I "Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясы "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Ақсұңқар" мемлекеттiк холдинг компаниясы "ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Қазболат-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Казэнергостроймонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясы "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 14 желтоқсандағы N 1725 қаулысына 2 қосымша
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
күшi жойылған кейбiр шешiмдерiнiң
Т I З Б Е С I
1. "Жергiлiктi өнеркәсiпте "Зергер" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 26 тамыздағы N 736 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 33, 384-құжат).
2. "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 31 тамыздағы N 749 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 34, 392-құжат).
3. "Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 786 қаулысы.
4. "Қуат" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 791 қаулысы.
5. "Металлургремонт-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 793 қаулысы.
6. "Казсталь-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 794 қаулысы.
7. "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 795 қаулысы.
8. "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 796 қаулысы.
9. "Казэнергостроймонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 814 қаулысы.
10. "Зергер" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 4 қыркүйектегi N 817 қаулысы.
11. "Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 8 қыркүйектегi N 839 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 36, 414-құжат).
12. "Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 858 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 37, 428-құжат).
13. "Казэнергостроймонтаж" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 863 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 37, 431-құжат).
14. "Қазболат-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 903 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 449-құжат).
15. "Алтай-ТМ" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 904 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 450-құжат).
16. "ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 906 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 452-құжат).
17. "Қазақмыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 907 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 453-құжат).
18. "Металлургжөндеу-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 908 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 39, 454-құжат).
19. " ӨТМК-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 22 қыркүйектегi N 1051 қаулысы.
20. "Қазақстан Түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi мен Байқаушы кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1101 қаулысы.
21. "Ұлттық акционерлiк, мемлекеттiк холдингтiк және акционерлiк компаниялары Байқаушы кеңестерiнiң құрамындағы өзгертулер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 382 қаулысының 1-тармағындағы төртiншi, жетiншi, он екiншi, он төртiншi және он алтыншы абзацтарды және 2-тармағындағы екiншi, төртiншi, жетiншi, он үшiншi және он бесiншi абзацтары.