1. Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн инвестициялық несиелердiң мемлекеттiк валюталық қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды орындау жөнiндегi бас мердiгердi таңдау үшiн, шетел фирмалары мен отандық жобалау және құрылыс ұйымдарының қатысуымен мердiгерлiк конкурстар мен саудаласулар (тендерлер) өткiзу мiндеттi болып саналсын.
2. Егер мердiгерлiк саудаласулардың (тендерлердiң) нәтижесi бойынша шетелдiк фирма бас мердiгер ретiнде айқындалған, жағдайда, контрактiлерде Қазақстанда дайындалған материалдар мен құрастырмалардың толық пайдаланылуы, сондай-ақ қазақстандық ұйымдардың көмекшi мердiгерлiкте жобалау мен құрылыстың жалпы ауқымының кемiнде 30 процент жұмыстары мен қызметтерiнiң көлемiн орындауы қарастырылсын.
3. Мердiгерлiк саудаласуларда (тендерлерде) жеңiп шыққан немесе шетелдiк фирмаларды көмекшi мердiгерлiк жұмыс атқаратын қазақстандық ұйымдармен есеп айырысу Қазақстан Республикасының қолданып жүрген заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Шетел капиталын пайдалану жөнiндегi комитет Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен, басқа да мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан
Республикасына немесе Қазақстан Республикасының кепiлдiгiмен берiлетiн мемлекеттiк қаражат пен инвестициялық кредиттердiң есебiнен жүзеге асырылатын объектiлердi салу контрактiлерiн тiркеудiң тәртiбi туралы ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары