1. Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппараты құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 50 адамнан болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Төрағаның 2 орынбасарын, сондай-ақ саны 7 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының толық орталық аппараты үшiн
қызметтiк 3 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 желтоқсандағы N 1390 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1783 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының ҚҰРЫЛЫМЫ Басшылық Жер реформасын құқықтық және ғылыми-техникалық қамтамасыз ету бөлiмi Қаржылық қамтамасыз ету және бухгалтерлiк есеп бөлiмi Жердi қорғау және оны пайдалануға мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi бөлiм Жерге орналастыру және жер пайдаланушылардың құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету бөлiмi Жер кадастры және жер мониторингi бөлiмi Жер ресурстарын басқаруды ақпараттық - техникалық қамтамасыз ету бөлiмi Iс басқармасы