Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау және өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөнiндегi Комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1793. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.13. N 1536 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау жөнiндегi Комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 40 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау және өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөнiндегi комитетiне комитет төрағасының бiр орынбасарын, сондай-ақ саны 7 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау және өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау жөнiндегi комитеттiң орталық аппаратына қызмет көрсететiн 2 жеңiл автомобильдiң лимитi белгiленсiн.
      4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы

Тау-кен қадағалау және өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi
қадағалау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14
қарашадағы N 1261 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                   Қазақстан Республикасы
                                   Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                      19 желтоқсандағы
                                    N 1793 қаулысына
                                           қосымша

          Қазақстан Республикасы Тау-кен қадағалау және
          өнеркәсiпте жұмысты қауiпсiз жүргiзудi қадағалау
          жөнiндегi комитетi орталық аппаратының
                         Құрылымы

     Басшылық
     Тау-кен және кенсiз өнеркәсiптi қадағалау жөнiндегi бөлiм
     Көмiр өнеркәсiбiн қадағалау жөнiндегi бөлiм
     Мұнайгаз өнеркәсiбi, геология және арнаулы өнiм құбырларын
     қадағалау жөнiндегi бөлiм
     Химия, мұнайгаз өңдеу және металлургия өнеркәсiбiн қадағалау
     жөнiндегi бөлiм
     Газ қазандығын қадағалау, көтергiш жабдықтарды қадағалау және
     астық өнiмдерi кәсiпорындарының жарылыс-өртке қауiптi
     объектiлерiн қадағалау жөнiндегi бөлiм
     Қауiпсiздiктi техникалық құралдармен және өндiрiстi сақтандыру
     мен тексеру аспаптарымен қамтамасыз етудi қадағалау жөнiндегi
     бөлiм
     Техникалық бөлiм
     Кадр, iс қағаздары және арнайы жұмыстар жөнiндегi бөлiм
     Бухгалтерия
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады