Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1797. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.18. N 1551 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 210 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне төрағаның 6 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ 11 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.07.
               N 175 қаулысымен.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.05.29.
               N 661 қаулысымен.
      3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық аппараты

үшiн 9 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
<*>

     Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1996.02.07.
              N 175 қаулысымен. 
     4. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы
Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 29 тамыздағы N 1195 қаулысының 3-5
тармақтарының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                     1995 жылғы 19 желтоқсандағы
                                         N 1797 қаулысына
                                          Қосымша
            Қазақстан Республикасының Кеден комитетi орталық
                             аппаратының
                              ҚҰРЫЛЫМЫ
     Басшылық
     Кеден бақылауын ұйымдастыру басқармасы
     Контрабандамен және кеден ережесiн бұзушылармен күрестi
ұйымдастыру басқармасы
     Кеден кiрiсi басқармасы
     Кеден күзетi мен режимiн ұйымдастыру басқармасы
     Кеден органдарын қаржыландыру және материалдық-техникалық
қамтамасыз ету басқармасы
     Кадр басқармасы
     Аппарат қызметiн ұйымдастыру жөнiндегi басқарма
     Кеден бақылауы мен кеден статистикасын автоматтандыру басқармасы
     Сыртқы байланыстар басқармасы
     Заң бөлiмi
     Өзiнiң жеке қауiпсiздiгi бөлiмi
     Ақпаратты қорғау бөлiмi
     Баспасөз қызметi
     Ресей Федерациясы Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң жанындағы
Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң Өкiлдiгi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады