Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 19 желтоқсан N 1808. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1996.12.27. N 1658 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 120 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгiне министрдiң 3 орынбасарын, соның iшiнде бiр бiрiншi орынбасар, сондай-ақ саны 11 адам алқа ұстауға рұқсат берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар

министрлiгi үшiн 4 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар министрлiгi
орталық аппаратының құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3 қазандағы N 1101 қаулысы;
     "Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 3
қазандағы N 1101 қаулысына өзгерту енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 6 маусымдағы N 792
қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                           19 желтоқсандағы
                                        N 1808 қаулысына
                                               қосымша

           Қазақстан Республикасы Экология және биоресурстар
                   министрлiгi орталық аппаратының
                             Құрылымы

     Басшылық
     Мемлекеттiк экологиялық бақылау бас басқармасы
     Биологиялық ресурстарды қорғау, ұдайы өндiрiс және пайдалану
     жөнiндегi бас басқарма (Қазбасбиоресурс)
     Мемлекеттiк экологиялық сараптама басқармасы
     Экологияның ғылыми-техникалық проблемалар және халықаралық
     жобалар басқармасы
     Табиғатты пайдалануды жоспарлау, экономика және нормативтер
     басқармасы
     Қаржы басқармасы
     Ұйымдастыру-заң бөлiмi
     Кадр және арнайы жұмыс бөлiмi
     Жалпы бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады