Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1830

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi үшiн орындалған жөндеу-құрылыс жұмыстарына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiне ведомстволық бағынысты мердiгерлiк ұйымдар бойынша берешектi қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң республикалық бюджетке төлемдер бойынша берешегi бар мердiгерлiк ұйымдарының арасында жалпы сомасы 388315 мың (үш жүз сексен сегiз миллион үш жүз он бес мың) теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн (қосымша).
      Аталған сома осы ведомствоның мердiгерлiк ұйымдарының орындалған жөндеу-құрылыс жұмыстары үшiн берешектi өтеуге арналған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептелсiн.
      2. Берешектi есептеу 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiледi.
     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары


                                     Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1830 қаулысына қосымша


         Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң бюджетке

          төлемдер және есепке қабылданатын басқа да борыштық
            мiндеттемелерi бойынша берешегi бар мердiгерлiк
                               ұйымдарының
                                 Тiзбесi
                                                   мың теңге
___________________________________________________________________
  Рет  | Мердiгерлiк ұйымдардың| Салық есебiне |___________________
   N   | атауы, төлем түрлерi  |тiркелген орны |     Барлығы
___________________________________________________________________
    1  |          2            |       3       |         4
___________________________________________________________________
   1.   89451 ә/б негiзгi қарыз  Алматы қаласы,       79454
        өсiм                     Октябрь ауданның     67352
        айыппұл                  салық инспекциясы    12102

   2.   75102 ә/б негiзгi қарыз  Алматы қаласы,       46673
        өсiм                     Октябрь ауданның     39375
        айыппұл                  салық инспекциясы     7298

   3.   02953 ә/б негiзгi қазыр  Алматы қаласы,       77205
        өсiм                     Октябрь ауданның     64432
        айыппұл                  салық инспекциясы    11666
                                                       1107

   4.   өндiрiстiк-техникалық    Алматы қаласы,         8,5
        жиынтықтаудың 671 шар.   Октябрь ауданның
        есептегi басқармасы      салық инспекциясы
        негiзгi қарыз                                   8,1
        өсiм                                            0,4
        айыппұл

   5.   73715 ә/б негiзгi қарыз  Алматы қаласы,        68902,5
        өсiм                     Iле ауданның          53106,8
        айыппұл                  салық инспекциясы     15628,7
                                                         167

   6.  31516 ә/б негiзгi қарыз   Семей қаласының       111222
       өсiм                      салық инспекциясы     111222
       айыппұл

   7.  11346 ә/б негiзгi қарыз   Ақтау қаласының        4850
       өсiм                      салық инспекциясы      4850
       айыппұл
       Барлығы                                          388315

___________________________________________________________________
               Бюджетке  төлемдер бойынша берешек
___________________________________________________________________
                    оның iшiнде төлем түрлерi бойынша
___________________________________________________________________
    ҚҚС    | Экономиканы |Кәсiпкерлiктi| Жол қоры |Заңды тұлғаларға
           |жаңғырту қоры|қолдау қоры  |          |салынатын табыс
           |             |             |          |салығы
___________________________________________________________________
     5     |      6      |       7     |     8    |       9
___________________________________________________________________
   36362        6559          124          766          35643
   30815        5558          124          649          30206
    5547        1001                       117           5437

   28741        2100                                    15832
   24357        1601                                    13417
    4384         499                                     2415

   39348        3131           275         459          33992
   33289        2649           275         388          27831
    6059         482                        71           5054
                                                         1107

                                           8,5

                                           8,1
                                           0,4

   12595       1906            313         1681,5       52407
    9862        431            200          790,8       41823
    2733       1475            113          890,7       10417
                                                          167

   72753       8611            504                      29354
   72753       8611            504                      29354

    1119                        38                       3693
    1119                        38                       3693
   190918      22307          1254         2915        170921
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады