Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1833

      Құқық қорғау органдарының "Құрылыс" қаржы-құрылыс корпорациясына кiретiн "Степногорск құрылыс басқармасы" акционерлiк қоғамына пайдаланған электр қуаты үшiн берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен республикалық "Құрылыс" қаржы құрылыс корпорациясының құрамына кiретiн республикалық бюджетке жалпы сомасы 14495 мың (он төрт миллион төрт жүз тоқсан бес мың) теңге берешегi бар "Степногорск құрылыс басқармасы" акционерлiк қоғамы арасында бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.

     Аталған сома "Құрылыс" қаржы-құрылыс корпорациясының құрамына
кiретiн "Степногорск құрылыс басқармасы" акционерлiк қоғамына электр
қуаты үшiн берешегiн өтеуге құқық қорғау органдарын қаржыландыру
есебiне есептелсiн.
     2. Берешектi есептеу 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша,
аталған соманы бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете
отырып жүргiзiлсiн (қосымша).

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң 1995 жылғы
                                         21 желтоқсандағы
                                         N 1833 қаулысына
                                                 қосымша
         "Степногорск құрылыс басқармасы" акционерлiк қоғамының
             құқық қорғау органдарымен есептеуге қабылданатын
          республикалық бюджетке төлемдер жөнiндегi берешегiнiң
                            Т I З Б Е С I
                                                         мың теңге
____________________________________________________________________
                                Құқық қорғау органдарының берешегi
____________________________________________________________________
 Бюджетке төлемдер жөнiндегi    Барлығы            Оның iшiнде
      берешек түрлерi                       _________________________
                                            Қазақстан Рес.  Iшкi әс
                                            публикасы Iшкi   керлер
                                            iстер министрлi. бойынша
                                            гi бойынша
____________________________________________________________________
 "Степногорск құрылыс бас.
  қармасы" АҚ, барлығы            14495          4888         9607
    Оның iшiнде:
  заңды тұлғалардан алынатын
   табыс салығы                    2884          2884           -
  Экономиканы қайта жаңғырту
   қоры                           11611          2004         9607

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады