1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен бюджетке салық төлемдерi және басқа да қарыз мiндеттемелерi бойынша республикалық бюджет алдында берешегi бар көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары арасында жалпы сомасы 926698 мың (тоғыз жүз жиырма алты миллион алты жүз тоқсан сегiз мың) теңге берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн (1.2 қосымшалар).
Аталған сома азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беруге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң қарауындағы бiлiм және денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға байланысты шығыстарды жүзеге асырған көлiк-коммуникация кешенiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарын қаржыландыру есебiне есептелсiн.
2. Берешектi есептеу 1995 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, аталған сомаларды республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1834 қаулысына қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер беру
үшiн есептеуге қабылданған, республикалық бюджетке төлем жөнiнде берешектерi бар көлiк-коммуникация кешенiнiң мекемелерi мен ұйымдарының Тiзбесi (мың теңге) ___________________________________________________________________ | | Берешектер Кәсiпорындар атауы |_________|____________________________ | Барлығы | оның iшiнде: | |---------------------------- | |қосылған құнға|заңды тұлға- | |салынатын сал.|лардан алынатын | |лық |табыс салығы ---------------------------------------------------------------------- Алматы темiржол басқармасы 12948 12948 Тың темiржол басқармасы 1549 1549 Оңтүстiк Орал темiржолы Петропавл бөлiмшесiнiң басқармасы 5150 5150 Батыс Қазақстан темiржол басқармасы 1232 1232 "Қазақтелеком" ҰАҚ 188283 188283 "Қазақстан әуе жолы"ҰААҚ 30199 30199 Почта байланыстарының республикалық мемлекеттiк кәсiпорны 19823 19823 Алматы облысы жолаушылар автокөлiк ӨБ Есiк автобус паркi 654 654 Қостанай облысы жолаушылар автокөлiгi ӨБ Семиозер ЖАКП 466 466 Жолаушылар көлiгi Талдықорған ӨБ 586 586 "Веспа" жолаушылар автоэлектркөлiгi АҚ 1742 1742 Жиыны 262632 23078 239554
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 1834 қаулысына 2 қосымша
Бiлiм және денсаулық сақтау мекемелерiн ұстауға
жұмсалған шығыстар үшiн есептеуге қабылданатын, республикалық бюджетке төлем жөнiнде берешектерi бар көлiк-коммуникация кешенi ұйымдарының Тiзбесi (мың теңге) ___________________________________________________________________ | Берешектер |_____________________________________ | | Оның iшiнде: Кәсiпорындар атауы |Барлығы |____________________________ | |қосылған |заңды |экономиканы | |құнға |тұлға. |қайта жаң. | |салына. |лардан |ғырту қоры | |тын салық|алынатын | | | табыс | | | |салығы | ___________________________________________________________________- Алматы темiржол басқармасы 307525 307525 Тың темiржол басқармасы 224632 64032 160600 Оңтүстiк Орал темiржолы Петропавл бөлiмшесiнiң басқармасы 131909 116385 15524 Жиыны 664066 64032 423910 176124