Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 21 желтоқсан N 1838

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамынан алған жылу қуаты үшiн берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1995 жылғы, 1 желтоқсандағы жағдай бойынша "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы мен республикалық бюджет арасында қосылған құнға салынған салық бойынша 4694 мың (төрт миллион алты жүз тоқсан төрт мың) теңге сомасындағы берешекке бiр жолғы есептеу жүргiзсiн;
      аталған сома Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң операциялық шығындарын қаржыландыру есебiне есептелiп, ол бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер

жөнiндегi комитетi тұтынылған жылу энергиясы үшiн кредиторлық
қарызды, қаржыландыру кезiнде операциялық шығындарға бюджеттен
бөлiнетiн қаражат есебiне есептейтiн болсын.
     3. "Оңтүстiк Топар кен басқармасы" акционерлiк қоғамы Қазақстан
Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң
дебиторлық қарызын республикалық бюджетке төленетiн төлемдер
жөнiндегi кредиторлық қарызды өтеу есебiне есептейтiн болсын.

     Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады