1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мен Қызылорда облысы әкiмiнiң Шалқия руда басқармасының қуаттарын қолдау мен дамыту жөнiндегi ұсыныстары қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп:
жобалық қуатын жетiлдiретiн етiп (жылына 3 млн. тонна руда), полиметалл рудаларының Шалқия кен орны мен "Шалқия" руднигiн игеруге қаражат бөлу мүмкiндiгiн көздесiн;
үстiмiздегi 1995 жылдың соңына дейiн "Орталықтандырылған iшкi көздердiң есебiнен қаржыландырылатын 1995 жылға арналған Қазақстан Республикасының инвестициялық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 19 сәуiрдегi N 508 қаулысына сәйкес, Шалқия руда басқармасының қуаты жылына 500 мың тонна руда, iске қосу кешенiнiң құрылысына толық көлемiнде кредиттер бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
"Шалқия" руднигiнiң суын төгудi қолдауға жылына 40 млн. теңге есебiмен қажеттi қаражат бөлiнуiн қамтамасыз етсiн;
"Шалқия" руднигiндегi байыту комбинатының құрылысына инвестициялар тарту үшiн конкурс жарияласын;
Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен бiрлесiп, полиметалл рудаларының Талапты кен орнында, Қарамұрын алтынды даласында геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзудi көздесiн.
3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi Шалқия руда басқармасына, кейiн "Шұқырүй" және "Қызыл мақташы" кен орындарында бетониттiк топырақ өндiретiн етiп, барлау үшiн жер қойнауын қорғау құқығына лицензиялар әзiрлесiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп, мүдделi министрлiктер мен ведомстволарды қатыстыра отырып:
пайдалануға берiлген энергиямен жабдықтау, Шалқия руда басқармасы мен оның әлеуметтiк саласының объектiлерiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң балансына;
байланыс объектiлерiн "Қазтелеком" акционерлiк компаниясының балансына беру үшiн жұмыс комиссиясын құрсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр