Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 296 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 желтоқсан N 1890

      Польша кредит желiсi бойынша тiкелей және Қазақстан Республикасы кепiлдiк берген мiндеттемелердi орындауда пайда болған елеулi қиындықтарды ескере отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. "Германия және Польша кредит желiлерi шеңберiнде "АЗАТ" өндiрiстiк-коммерциялық концернiнiң жобаларын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 17 наурыздағы N 296 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      қаулының атауындағы "және польша кредит желiлерiнiң" сөздерi

"кредит желiсi" сөздерiмен ауыстырылсын;
     1-тармақтың үшiншi абзацы алынып тасталсын;
     2-тармақтың екiншi абзацындағы "мен Польшаның" сөздерi алынып
тасталсын;
     6-тармақ "кредит желiсi" сөздермен толықтырылсын, "және поляктық
10 млн. АҚШ долларына" деген сөздер алынып тасталсын.
     2. "Польша Республикасы Үкiметiнiң кредитiн тарту туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi
N 793 "г" қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады