"Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясы кәсiпорындарының қаржы-шаруашылық қызметiндегi елеулi кемшiлiктер туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы N 1893 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 сәуірдегі N 381 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23  N 381  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы-бақылау комитетiнiң "Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк компаниясы мен оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiне жүргiзген тексеруiнiң нәтижесiн қарай келiп, Қазақстан Республикасының Үкiметi компания мен оның бөлiмшелерiнiң шикiзат ресурстары мен өнiмдерi елден тысқары шығарудың белгiленген тәртiбiн сақтауды қамтамасыз етпегенiн, валюта түсiмiн жасырып қалу, өнiмдi төмендетiлген бағамен өткiзу, балама емес баспабас айырбас жасау, ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық игiлiктердiң жетiспеушiлiгi мен оларды талан-таражға салу, сондай-ақ өндiрiске қатысты емес оларды емес өнiмдердiң шығынын оның өзiндiк құнына негiзсiз жатқызу фактiлерiне жол бергенiн атап көрсетедi. 
      Өнiмдi өткiзу мен балама емес баспабас айырбастан ғана компания кәсiпорындары жалпы сомасы 63,3 млн. теңге сомадағы табыстан айырылып қалды, мұның өзi бюджетке 19 млн. теңге соманың кем түсуiне әкеп соқты. 
      "Востокмашзавод" пен "Шымкент қорғасын заводы" акционерлiк қоғамдары республиканың өкiлеттi банктерiндегi өз есепшоттарына валюталық түсiмнiң есептелуiн және оның Қазақстанның банкаралық валюталық қор биржасында 2,3 млн. теңге сомасына мiндеттi сатылуын қамтамасыз етпедi. 
      Шикiзат пен материалды алу кезiнде елеулi қаржы қиыншылығын бастан кешiре отырып және берушiлер мен бюджетке iрi кредиторлық сомасы бола тұра, жүйенiң жекелеген кәсiпорындарының басшылары қаржы қаражатын коммерциялық құрылымдардың жарғылық қорының құрылтай құжаттарына, қаржы көмегiн көрсетуге, депозиттiк салымға, сондай-ақ шетелге шығарылатын қымбат автомобильдер сатып алуға тартады. 
      Шаруашылық жүргiзушi бес шағын құрылымның құрылтайшысы бола тұрып, "Балқашмыс" өндiрiстiк бiрлестiгi салынған қаржысын қайтарып, олардың құрамынан шығудың орнына 1994 жылдың маусымында жауапкершiлiгi шектеулi "Ескендiр" серiктестiгiн құруға тағы қатысып, жарғы қорына 35,9 млн. теңге аударады. Сонымен қатар, бiрлестiк, Австрия кредит жүйесi есебiнен 840 мың АҚШ доллары сомасына 23 "Мицубиси" маркалы автомобилiн сатып алған. 
      Аталған бiрлестiкте, сондай-ақ "Востокмашзавод", "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамдарында iрi сомада шикiзаттың, дайын өнiмнiң және басқа да құндылықтардың ұрланып, жетiспейтiнi анықталады. 
      Компанияның жекелеген бөлiмшелерi өнiмдердi сатудан түскен қаржыны есепке алу және есеп беру кезiнде құжаттарда толық көрсетпеу арқылы жалпы сомасы 20 млн. теңгеден асатын салық салынатын пайданы төмендетiп көрсеткен. 
      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылауы комитетi тексерулердiң материалдарын құқық қорғау органдарына берсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi: 
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi жүргiзген тексерулердiң нәтижелерiн қарап, шегiлген зиянның өтелуiн, бюджет алдындағы берешектерiн өтеу, есеп айырысу-төлем тәртiбiн нығайту және кәсiпорындардың қаржы-шаруашылық қызметiн ретке келтiру жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын; 
      жол берiлген тәртiп бұзушылықтарға кiнәлi шаруашылық жүргiзушi құрылымдардың басшы қызметкерлерiн жауапкершiлiкке тартсын. 
      қабылданған шаралар туралы 1996 жылдың 30 қаңтарына дейiн баяндасын. 
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақстан түстi металдары" ұлттық акционерлiк қоғамының барлық бөлiмшелерi салынған қаржы мен берiлген мүлiктiң құнын тиесiлi дивиденттерiмен қайтарып, олардың қатысуымен құрылған әртүрлi мемлекеттiк емес құрылымдардың құрылтайшылар құрамынан белгiленген тәртiппен 1996 жылдың 30 қаңтарына дейiн шығуын қамтамасыз етсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қайта есептелiнген төлемдер мен салық салынудан жасырылған табыстар мен пайдалардың бюджетке толық өндiрiлiп алынуын қамтамасыз етсiн. 
      5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Н.А.Шайкеновке жүктелсiн. 

    Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады