1. "1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 Заң күшi бар Жарлығында қарастырылған, аталған кредит бойынша берешектi өтеуге арналған 971 826 мың теңге сомасындағы шығындар, телекоммуникациялар жүйесiн жаңғырту және кеңейту жөнiндегi 411 389 мың теңге сомасындағы облыстардың сыртқы борышын жабу, сондай-ақ 560 437 мың теңге сомасындағы мемлекеттiк теледидар мен радио хабарлары бағдарламаларын таратуды бөлу жөнiндегi байланыс қызметтерiн төлеу үшiн валюта сатып алуға 1995 жылға арналған республикалық бюджетте
қарастырылған шығындарға есептелiп, Германия кредитi бойынша есептеме жүргiзiлсiн. 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi есептеменiң сомасын республикалық бюджетте бюджет жiктемесiнiң тиiстi бөлiмдерiне сәйкес көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi