Электр энергетикасындағы еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 29 қаңтар N 118

      Электр энергетикасы саласында мемлекеттiк меншiктi тиiмдi пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1-қосымшаға сәйкес республикалық электр энергетикасы кәсiпорындарына шаруашылық жүргiзу құқығымен еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға;
      2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттiк "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесi кәсiпорнына шаруашылық жүргiзу құқығымен еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындар құруға рұқсат етiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп құрылатын еншiлес кәсiпорындарды акционерлеу бағдарламасын әзiрлесiн және 10 күн мерзiм iшiнде бекiтуге Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                       Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 қаңтардағы N 118 қаулысына 1 қосымша


             Республикалық мемлекеттiк электр энергетикасы

                кәсiпорындарының еншiлес мемлекеттiк
                          кәсiпорындарының
                              тiзбесi

             "Алматыэнерго" Алматы энергетика жүйесiнiң
                  еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. N 1 Алматы жылуэлектрорталығы (Алматы ЖЭО-1), Алматы қаласы
     2. N 2 Алматы жылуэлектрорталығы (Алматы ЖЭО-2), Алматы облысы,
        Қаскелең ауданы, Алғабас поселкесi
     3. Алматы мемлекеттiк аудандық электрстанциясы (Алматы ГРЭС),
        Алматы облысы, Энергетик поселкесi
     4. Талдықорған электр торабы кәсiпорны (Талдықорған ЭТК),
        Талдықорған облысы, Талдықорған қаласы
     5. Текелi энергокомбинаты, Талдықорған облысы, Текелi қаласы
     6. Алматы жылу торабы кәсiпорны (Алматы ЖТК) Алматы қаласы


            "Алтайэнерго" Шығыс Қазақстан энергетика жүйесiнiң
                     еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. Өскемен жылуэлектрорталығы (Өскемен ЖЭО), Өскемен қаласы
     2. Лениногор жылуэлектрорталығы  (Лениногор ЖЭО), Шығыс
        Қазақстан облысы, Лениногор қаласы
     3. Согрин жылуэлектрорталығы (Согрин ЖЭО), Өскемен қаласы
     4. Семей жылуэлектрорталығы (Семей ЖЭО), Семей қаласы
     5. Шығыс Қазақстан электр торабы кәсiпорны (Шығыс Қазақстан
        ЭТК), Өскемен қаласы
     6. Семей электр торабы кәсiпорны (Семей ЭТК), Семей қаласы
     7. Өскемен суэлектрстанциясы (Өскемен ГЭС), Өскемен қаласы
     8. Шульба суэлектрстанциясы (Шульба ГЭС), Семей облысы, Шульба
        поселкесi

              "Атырауэнерго" Атырау энергетика жүйесiнiң
                  еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. Атырау жылуэлектрорталығы (Атырау ЖЭО), Атырау қаласы


              "Батысқазэнерго" Батыс Қазақстан энергетика
              жүйесiнiң еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. Орал жылуэлектрорталығы (Орал ЖЭО), Орал қаласы
     2. Ақтөбе жылуэлектрорталығы (Ақтөбе ЖЭО), Ақтөбе қаласы
     3. Орал электр торабы кәсiпорны (Орал ЭТК), Орал қаласы

          "Қарағандыэнерго" Қарағанды энергетика жүйесiнiң
                   еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. N 1 Қарағанды мемлекеттiк аудандық электрстанциясы
        (Қарағанды ГРЭС-1), Темiртау қаласы
     2. Қарағанды жылуэлектрорталығы (Қарағанды ЖЭО), Қарағанды
        қаласы
     3. N 2 Қарағанды жылуэлектрорталығы (Қарағанды ЖЭО), Темiртау
        қаласы
     4. Жезқазған жылуэлектрорталығы (Жезқазған ЖЭО), Жезқазған
        қаласы
     5. Тентек жылуэлектрорталығы (Тентек ЖЭО), Шахтинск қаласы
     6. Қаражал жылуэлектрорталығы (Қаражал ЖЭО), Жезқазған облысы,
        Қаражал қаласы
     7. Жезқазған электр торабы кәсiпорны (Жезқазған ЭТК), Жезқазған
        қаласы

              "Қостанайэнерго" Қостанай энергетика жүйесiнiң
                     еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. Рудный жылуэлектрорталығы (Рудный ЖЭО), Қостанай облысы,
        Рудный қаласы
     2. Арқалық жылуэлектрорталығы (Арқалық ЖЭО), Торғай облысы,
        Арқалық қаласы
     3. Арқалық электр торабы кәсiпорны (Арқалық ЭТК), Торғай облысы,
        Арқалық қаласы
     4. Қостанай жылуэлектрорталығы (Қостанай ЖЭО), Қостанай қаласы

            "Павлодарэнерго" Павлодар энергетика жүйесiнiң
                   еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. N 1 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-1), Павлодар
        қаласы
     2. N 2 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-2), Павлодар
        қаласы
     3. N 3 Павлодар жылуэлектрорталығы (Павлодар ЖЭО-3), Павлодар
        қаласы
     4. Павлодар жылу торабы кәсiпорны (Павлодар ЖТК), Павлодар
        қаласы

             "Тыңэнерго" Тың энергетика жүйесiнiң еншiлес
                       мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. N 2 Петропавл жылуэлектрорталығы (Петропавл ЖЭО-2), Солтүстiк
        Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
     2. Ақмола жылуэлектрорталығы (Ақмола ЖЭО), Ақмола қаласы
     3. Петропавл электр торабы кәсiпорны (Петропавл ЭТК), Солтүстiк
        Қазақстан облысы, Петропавл қаласы
     4. Көкшетау электр торабы кәсiпорны (Көкшетау ЭТК), Көкшетау
        қаласы
     5. Көкшетау жылу торабы кәсiпорны (Көкшетау ЖТК), Көкшетау
        қаласы
     6. Ақмола жылу торабы кәсiпорны (Ақмола ЖТК), Ақмола қаласы

            "Оңтүстiкқазэнерго" Оңтүстiк Қазақстан энергетика
                жүйесiнiң еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. N 6 Қызылорда жылуэлектрорталығы (Қызылорда ЖЭО-6),
        Қызылорда қаласы
     2. NN 1, 2 Шымкент жылуэлектрорталығы (Шымкент ЖЭО), Шымкент
        қаласы
     3. N 3 Шымкент жылуэлектрорталығы (Шымкент ЖЭО-3), Шымкент
        қаласы
     4. N 5 Кентау жылуэлектрорталығы (Кентау ЖЭО-5), Кентау қаласы
     5. Жамбыл энергокомбинаты (ЖЭО және жылу торабы құрамында),
        Жамбыл қаласы
     6. Жамбыл электр торабы кәсiпорны (Жамбыл ЭТК), Жамбыл қаласы
     7. Қызылорда электр торабы кәсiпорны (Қызылорда ЭТК), Қызылорда
        қаласы

              Маңғыстау атом энергетикасы комбинаты       
                 еншiлес мемлекеттiк кәсiпорын
<*>
 
     
      1. Маңғыстау электр жүйелерi кәсiпорны
   
     Ескерту. Тiзбе толықтырылды - ҚРҮ-нiң 1996.04.11. N 423 
              қаулысымен.  

P960423_

                   
                                          Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң 1996 жылғы
                                               29 қаңтардағы
                                              N 118 қаулысына
                                                 2 қосымша

            "Қазақстанэнерго" ұлттық энергетика жүйесiнiң
                   еншiлес мемлекеттiк кәсiпорындары

     1. Автоматизация және информатика орталығы, Алматы қаласы
     2. Кадрлар даярлау жөнiндегi орталық, Алматы қаласы
     3. Сiбiр - Қазақстан - Орал 1150 кВ транзитiн пайдалану
        жөнiндегi кәсiпорын, Қостанай қаласы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады