Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 6 ақпан N 167. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.10.30. N 1466 қаулысымен. ~P971466

      "Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының құрылымын жетiлдiру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 қазандағы N 2541 U952541_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн мемлекеттiк бюджеттiң есеп айырысу-кассалық атқарылуын және бюджет қаржысының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылық мемлекеттiк Бюджеттiк банкке қатысты мемлекеттiк басқарудың уәкiлдi органы болып айқындалсын.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi 1996 жылғы 1 сәуiрден бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң есеп айырысу-кассалық орталықтарын қарауына қабылдап алуды бастасын.
      4. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң негiзгi функциялары мыналар болып айқындалсын:
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджетiнiң кассалық атқарылуы, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдар мен мекемелерге, мемлекеттiк бюджеттен тыс қорлар мен қаражаттарға, нысаналы қаржыландыру қорларына, зейнетақы қорына есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету;
      қаржы органдарымен бiрлесiп бюджет қаржысының нысаналы пайдаланылуына алдын ала бақылауды жүзеге асыру;
      жалпымемлекеттiк салықтарды республикалық және жергiлiктi бюджеттер арасында бөлу және оларды әртүрлi деңгейдегi бюджеттерге аудару;
      5. Уәкiлдi орган бiр апта мерзiмде мемлекеттiк Бюджеттiк банктiң құрылтай құжаттарын ұсынсын және оларды заңдарда белгiленген тәртiппен тiркеуге енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң қызмет көрсетулерiне ақы төлеу республикалық бюджет қаражатының есебiнен жүзеге асырылады. <*>
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.09.18.
               N 1349 қаулысымен. P971349_
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банктiң орталық аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласында және мемлекеттiк Бюджеттiк банктiң облыстық бөлiмшелерi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықтың облыстық бөлiмшелерiн бiрге орналастыру үшiн барлық облыс орталықтарында үй-жайлар бөлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiне және оның Алматы қаласы мен облыс орталықтарындағы бөлiмшелерiне байланыс арналарының бөлiнуiн қамтамасыз етсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн

ұйымдастыруға және оған мемлекеттiк бюджетке есеп айырысу-кассалық
қызмет көрсету жөнiндегi функцияларды беруге көмектесу;
     есеп айырысу-кассалық орталықтарын берудiң кестесi мен тәртiбiн
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi жанындағы Қазынашылықпен
келiсу;
     тиiстi тiркеу құжаттарын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының
мемлекеттiк Бюджеттiк банкiне банк операцияларын жүргiзуге лицензия
беру ұсынылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады