Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк
Республикасы Үкiметiнiң арасындағы Мәдени ынтымақтастық туралы 1994
жылғы 16 желтоқсанда Алматыда қол қойылған Келiсiм және оған Хаттама
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы мәдени
ынтымақтастық туралы
КЕЛIСIМ
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк
Республикасының Үкiметi
екi ел арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және өзара
түсiнiстiктi тереңдетуге ұмтыла отырып,
барлық халықтардың ұлттық мәдениетiнiң қадір-қасиетiн тани отырып және екi ел халықтарының арасындағы мәдени байланыстарды кеңейтуге тiлек бiлдiре отырып,
мәдени алмасу халықтар арасындағы ынтымақтастыққа, мәдениеттердi өзара байытуға, сондай-ақ басқа халықтардың мәдениетiн, рухани өмiрiн және тұрмыс укладын түсiнуге жәрдемдеседi деп сене отырып,
өзiнiң тарихи Отанынан тысқары жерде тұратын азаматтардың рухани сұраныстарын назарға ала отырып,
төмендегiлер жайында келiстi:
1-бап
Уағдаласушы Тараптар өз елдерiнiң мәдениетi туралы өзара бiлiмдерiн тереңдетуге және мәдени ынтымақтастықты барлық салада және барлық деңгейде одан әрi қарай дамытуға ұмтылатын болады.
2-бап
Уағдаласушы Тараптар екiншi елдiң мәдениетiмен, әдебиетiмен және соларға байланысты басқа да мәдениет салаларымен жақсырақ таныстыруға жәрдемдесетiн болады. Осы мақсатта олар тиiстi шаралар қабылдайтын және өз мүмкiндiктерi шеңберiнде бiр-бiрiне мынадай жағдайлар кезiнде жәрдемдесетiн болады:
- орындаушылар мен көркемөнер ұжымдарының гастрольдерi, спектакльдер мен басқа да көркемөнерпаздар бағдарламаларын ұйымдастыру;
- көрмелер өткiзу және баяндамалар мен дәрiстер ұйымдастыру;
- ынтымақтастықты дамыту және тәжiрибе алмасу мақсатында, сондай-ақ конференциялар мен басқа да мәдени шараларға қатысу үшiн мәдени өмiрдiң әртүрлi салалары, атап айтқанда, әдебиет, музыка, ойын-сауық және бейнелеу өнерi өкiлдерiнiң өзара сапарларын ұйымдастыру;
- баспалар, кiтапханалар, архивтер мен мұражайлар арасында байланыстар орнату, тарихи ескерткiштер мен мәдени құндылықтарды сақтау, қалпына келтiру және қорғау саласындағы, ынтымақтастық, сондай-ақ мамандар мен материалдар алмасу кезiнде;
- көркем, ғылыми және арнаулы әдебиет шығармаларын тәржiмалау.
3-бап
(1) Уағдаласушы Тараптар барлық мүдделi адамдар үшiн екiншi елдiң тiлiн, мәдениетiн, әдебиетiн, тарихын және географиясын барлық мүдделi адамдардың оқып-үйрену мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге ұмтылатын болады. Олар тиiстi мемлекеттiк және жекеше бастамалар мен мекемелердi қолдайтын болады және мәдениеттiң жергiлiктi органдары мен мекемелерiнiң бастамаларын қолдауды қоса алғанда екiншi Уағдаласушы Тараптың өз елiнде осы бағыттағы көтермелеу шараларына жәрдемдесетiн және мүмкiндiк жасайтын болады.
(2) Уағдаласушы Тараптар мектептерде, жоғары және басқа да оқу орындарында, атап айтқанда, тiлдiң мынадай жолдармен таралуына жәрдемдесетiн болады:
- мұғалiмдер, лекторлар және маман-консультанттар жiберу;
- оқулықтар, оқу және көрнекi құралдарын беру, сондай-ақ оларды жасау кезiндегi ынтымақтастық;
- екiншi Тарап өткiзетiн дайындық және бiлiктiлiгiн арттыру курстарына мұғалiмдер мен студенттердiң қатысуы, сондай-ақ шет ел тiлдерiн оқытудың қазiргi әдiстемесiн қолдану жөнiнде тәжiрибе алмасу;
- екiншi Уағдаласушы Тараптың тiлiн оқу және тарату үшiн радио мен телевизияның мүмкiндiктерiн пайдалану.
(3) Уағдаласушы Тараптар екi елдiң тарих, география және мәдениет оқулықтарының өзара жақсы түсiнiстiкке жәрдемдесетiндей етiп жазылуына ұмтылатын болады.
4-бап
Уағдаласушы Тараптар жоғары оқу орындары, ғылыми және зерттеу мекемелерi мен ұйымдары, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк-техникалық училищелер, мектептен тыс кәсiптiк бiлiм беру мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыру және басқа оқу орындарының ұйымдары мен мекемелерi, сондай-ақ олардың әкiмшiлiктерi арасындағы тiкелей байланыстарды қоса алғанда ғылым мен бiлiм беру саласында барлық нысандағы ынтымақтастықты қолдайтын болады. Олар осы мекемелердiң мынадай салалардағы ынтымақтастығын көтермелеп отырады:
- ғылыми конференциялар мен симпозиумдарға қатысуды қоса алғанда, ақпарат пен тәжiрибе алмасу мақсатында өзара делегациялар мен жекелеген адамдар жiберу;
- ақпарат пен тәжiрибе алмасу, зерттеулер өткiзу, бiлiктiлiгiн арттыру курстарынан, ғылыми тiл дәрiстемесi мен практикасынан өту мақсатында жоғары оқу орындарының ғалымдарын, әкiмшiлiк кадрларын, өндiрiстiк оқыту мұғалiмдерiн, шеберлерiн, аспиранттар, студенттер және басқа да оқып жүрген адамдар алмасу;
- ғылыми, педагогтiк және әдiстемелiк әдебиет, оқу және көрнекi құралдар, ақпараттық материалдар мен оқу фильмдерiн алмасу, сондай-ақ тиiстi мамандандырылған көрмелер ұйымдастыру;
- екi елдiң жоғары оқу орындары мен басқа да мәдени және ғылыми мекемелерi арасындағы байланыстарды қолдау.
5-бап
Уағдаласушы Тараптар өз мүмкiндiктерi шеңберiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың студенттерi мен ғалымдарына оқу, бiлiктiлiгiн арттыру және ғылыми зерттеулер жүргiзу үшiн стипендиялар беруге ұмтылатын болады, сондай-ақ бiлiм беру және ғылым саласында басқа шаралар алмасуға, соның iшiнде келу рұқсатын берудi жеңiлдету және қабылдаушы елде қолайлы жағдайлар жасау жолымен жәрдемдесетiн болады.
6-бап
Уағдаласушы Тараптар академиялық мақсатта пайдалану үшiн екiншi елдiң оқу туралы анықтамаларын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дипломдарын өзара тану шарттарын қарастыратын болады.
7-бап
Уағдаласушы Тараптар экономика, атап айтқанда, менеджмент, банк iсi, маркетинг және басқару ауқымында мамандар мен басқа кадрлар даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру саласындағы ынтымақтастыққа зор маңыз бередi.
8-бап
Уағдаласушы Тараптар қолданыстағы ережелер шеңберiнде мұражайларды, кiтапханаларды, архивтердi және басқа да сондай мекемелердi көтермелеп отырады және бар мүмкiндiгiнше материалдарға жол ашылуын жеңiлдетуге және оларды ғылыми пайдалануға жәрдемдесетiн, ақпарат және құжаттама алмасуды, сондай-ақ архив материалдарынан көшiрмелер даярлауды қолдайтын болады.
9-бап
Уағдаласушы Тараптар мектептен тыс бiлiм беру саласындағы ынтымақтастықты өз мүмкiндiктерiне қарай қолдауға әзiр.
10-бап
Уағдаласушы Тараптар екi елдiң тиiстi ұйымдары арасында кино, телевизия және радио хабарларын тарату саласындағы, соның iшiнде осы Келiсiм мақсаттарына қызмет ететiн фильмдер шығару және алмасу жолымен, басқа да аудиовизуальдық құралдар арқылы ынтымақтастықты өз мүмкiндiктерi шеңберiнде қолдап отыратын болады. Олар сондай-ақ кiтап басын шығару iсi саласындағы ынтымақтастықты көтермелеп отыратын болады.
11-бап
Уағдаласушы Тараптар кәсiптiк одақтар, дiни бiрлестiктер, саяси және басқалай қорлар мен басқа да мемлекеттiк емес ұйымдар тәрiздi қоғамдық топтар мен бiрлестiктер арасында тiкелей байланыстар орнату үшiн мүмкiндiктер жасайтын болады. Олар осындай мемлекеттiк емес ұйымдардың осы Келiсiм мақсаттарына жеткiзуге жәрдемдесетiн ынтымақтастығын көтермелейдi.
12-бап
Уағдаласушы Тараптар жастар алмасуына жәрдемдесуге және жастармен жұмыс iстеу саласындағы мамандар мен жастар ұйымдары және жастарды әлеуметтiк қамтамасыздандыру жөнiндегi мекемелер арасындағы ынтымақтастыққа жағдай жасауға ұмтылатын болады.
13-бап
Уағдаласушы Тараптар екi ел спортшыларының, жаттықтырушыларының, спорт жетекшiлерi мен спорт командаларының кездесулерiн ұйымдастыруды көтермелеп отырады, сондай-ақ спорт саласындағы, соның iшiнде, мектептер мен жоғары оқу орындарындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесуге ұмтылатын болады.
14-бап
Уағдаласушы Тараптар өз аумақтарында тұрақты тұратын азаматтарға тиiсiнше қазақстандық азаматтарға және тегi немiс азаматтарға - олардың еркiн таңдауы бойынша тiлiн, мәдениетiн, ұлттық дәстүрлерiн сақтауға және дамытуға, сондай-ақ дiни рәсiм жоралғыларын еркiн атқаруға мүмкiндiк беретiн болады. Олар қолданыстағы заңдар шеңберiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың осы адамдар мен олардың ұйымдарына қатысты көтермелеу шараларын жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн және жеңiлдететiн болады және осы азаматтардың мүдделерiн тиiстi дәрежеде жалпы мемлекеттiк және басқа бағдарламалар шеңберiнде ескеретiн болады.
15-бап
Уағдаласушы Тараптар аймақтық және жергiлiктi деңгейлердегi әрiптестiк ынтымақтастықты көтермелеп және жәрдемдесiп отыратын болады.
16-бап
(1) Уағдаласушы Тараптар қолданыстағы заңдар шеңберiнде және олардың арасындағы келiсiлген шарттар негiзiнде өз елдерiнде екiншi Уағдаласушы Тараптың мәдени мекемелерiн құруға жәрдемдесетiн және олардың қызметiн жеңiлдететiн болады.
(2) 1-тармақта көзделген мәдени мекемелерге мәдени институттар мен мәдени орталықтар, толық немесе басым түрде мемлекеттiк бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми ұйымдар мекемелерi мен зерттеу орталықтары, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен кәсiптiк-техникалық училищелер, мұғалiмдердi кәсiптiк даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру, ересектерге бiлiм беру, кәсiптiк даярлау және қайта даярлау жөнiндегi оқу мекемелерi, сондай-ақ кiтапханалар мен оқу залдары жатады. Осы мекемелердiң iссапарға жiберiлген мамандары қатарына ғылыми-мәдени және педагогика саласындағы ресми тапсырма бойынша жұмыс iстейтiн, жеке тапсырмамен iссапарға жiберiлген мамандар теңестiрiледi.
(3) Уағдаласушы Тараптардың мәдени мекемелерiне осындай мекемелер айналысатын қызметтiң барлық түрiн еркiн өрiстету мүмкiндiгiне, сондай-ақ көпшiлiктiң осы мекемелерге және олардың iс-шараларына еркiн қатысуына кепiлдiк берiледi.
(4) Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген мәдени ынтымақтастық шеңберiнде ресми тапсырма бойынша iссапарға жiберiлген мәдени мекемелер мен мамандардың мәртебесi осы Келiсiмнiң Қосымшасында айқындалады. Қосымша осы Келiсiммен бiр мезгiлде күшiне енедi.
17-бап
Уағдаласушы Тараптар бiр Уағдаласушы Тараптың екiншi Уағдаласушы Тарап аумағында орналасқан, заңсыз түрде тасып әкетiлген мәдени құндылықтары меншiк иесiне немесе оның құқықтық мұрагерiне қайтарылуы тиiс дегенге келiседi.
18-бап
Уағдаласушы Тараптардың өкiлдерi қажеттiлiгiне қарай немесе Уағдаласушы Тараптардың бiреуiнiң тiлегi бойынша мәдени алмасулардың нәтижелерiн қарау үшiн, сондай-ақ ұсыныстар жасау және одан ары қарайғы ынтымақтастықтың бағдарламаларын қарау үшiн Аралас Комиссия шеңберiнде алма-кезек Қазақстан Республикасында және Германия Федеративтiк Республикасында жиналатын болады.
Егжей-тегжей дипломатиялық арналар арқылы келiсiледi.
19-бап
Осы Келiсiм оның күшiне енуi үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк рәсiмдердiң орындалғаны туралы Уағдаласушы Тараптар бiр-бiрiн хабардар еткен күнi күшiне енедi. Келiсiмнiң күшiне ену күнi соңғы хабарламаны алған күн болып табылады.
20-бап
Осы Келiсiм бес жыл мерзiмге жасалып отыр. Осы мерзiм бiткеннен
кейiн Келiсiмнiң қолданысы, егер Уағдаласушы Тараптардың ешқайсысы
тиiстi мерзiм бiткенге дейiн алты ай бұрын оны жазбаша түрде
бұзбайтын болса, өздiгiнен келесi бес жылдық кезеңдерге ұзартылатын
болады.
Алматыда 1994 жылы "16" желтоқсанда әрқайсысы қазақ, немiс және
орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сонымен бiрге барлық
текстердiң күшi бар. Қазақ және немiс тiлдерiндегi текстерде
айырмашылық болған жағдайда орыс тiлiндегi текст айқындаушы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Үкiметi үшiн Республикасының Үкiметi үшiн
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы "Мәдени
ынтымақтастық туралы" Келiсiмге
ҚОСЫМША
1. Осы Қосымшаның ережелерi Келiсiмнiң 16-бабында көрсетiлген мәдениет мекемелерiне, олардың мамандарына және мәдениет, педагогика, ғылым және спорт салаларындағы екi ел арасындағы ынтымақтастық шеңберiнде ресми тапсырма бойынша iссапарға жiберiлген басқа да мамандарға қатысты қолданылады.
2. Iссапарға жiберiлетiн мамандардың саны осы мекеменiң қызметi нәтижесiнде жетуге болатын мақсатқа ақылға сыйымды мөлшерде сәйкес келуге тиiс.
3. (1) 1-тармақта аталған, жiберген елдiң азаматтары болып табылатын мамандар, сондай-ақ олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерi қабылдаушы елдiң құзыреттi органдарынан осы елде алым төлемей-ақ болуға өз өтiнiштерi бойынша рұқсат алады. Болуға рұқсат мүмкiндiгiне қарай қысқа мерзiмде берiледi және бүкiл қолданылу мерзiмi бойында иесiнiң бiрнеше рет келуi мен кетуiне құқық бередi. Осы Келiсiмнiң 16-бабында көрсетiлген мәдениет мекемелерiнде жұмыс iстеу үшiн iссапарға жiберiлген мамандар, сондай-ақ олардың жұбайлары еңбек қызметiмен шұғылдануға рұқсат алуға мұқтаж болмайды.
(2) Рұқсат беруге өтiнiштi 3-тармақтың 1-кiшi тармағына сәйкес қабылдаушы елдiң дипломатиялық немесе консулдық өкiлдiгiне жол жүрiп кетуге дейiн беру керек. Болуға рұқсаттың мерзiмiн ұзарту туралы өтiнiштi қабылдаушы елде беруге болады.
4. Уағдаласушы Тараптар 1-тармақта көрсетiлгендей және жiберген елдiң азаматтары болып табылатын адамдарға, сондай-ақ олардың өздерiмен бiрге тұратын отбасы мүшелерiне 3-тармақтың шарттарына сәйкес және өзаралық негiзiнде, мұның өзi қабылдаушы елдiң кiруге тыйым салатын немесе мемлекеттiк қауiпсiздiк тұрғысынан реттелетiн аймақтар туралы заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болғандықтан, өз аумағында жүрiп-тұру бостандығын бередi.
5. 3-тармақтың 1-кiшi тармағы мен 4-тармақ тұрғысынан алғанда ерлi-зайыптылар және олармен бiрге тұратын кәмелетке толмаған, үйленбеген балалар отбасы мүшелерi болып табылады.
6. (1) Уағдаласушы Тараптар өзаралық негiзiнде, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдар мен белгiленген тәртiп шеңберiнде мына заттарды әкелiнуi мен керi әкетiлуi үшiн төленетiн алымдардан босатады:
а) жабдықтар мен экспонаттар (мысалы, техникалық құралдар, жиhаздар, түсiрiлген фильмдер, кiтаптар, журналдар, көзбен шолатын және дыбыстық материалдар), 1-тармақта аталған мәдениет мекемелерiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн әкелiнетiн автомобильдердi қоса алғанда;
ә) жекеше заттар 1-тармақта аталған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң көшуге дейiн кемiнде алты ай бұрын қолданыста болған және көшiп келгеннен кейiн он екi ай iшiнде қабылдаушы елдiң аумағына әкелiнетiн автомобильдерiн қоса алғанда;
б) 1-тармақта аталған адамдардың және олардың отбасы мүшелерiнiң жеке пайдалануларына арналған дәрi-дәрмектер, сондай-ақ почтамен келген сыйлықтар.
(2) Баж салығынсыз әкелiнген заттарды тек олар босатылған баж салығы төленгеннен кейiн ғана қабылдаушы елде бiр қолдан екiншi қолға беруге немесе сатуға болады.
7. Уағдаласушы Тараптар 1-тармақта аталған адамдарға және олардың отбасыларына әкелiнген автомобильдердi тiркеу кезiнде көмек көрсетедi.
8. 1-тармақта аталған адамдардың жалақылары мен айлықтарына салық салу Уағдаласушы Тараптардың қолданылып жүрген заңдарының шарттарына және осы Келiсiм қолданылған кезде табыстар мен мүлiктерге қосарлы салық салынуына жол бермеу туралы Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасында қолданылатын уағдаластықтарға байланысты.
9. (1) Мәдениет мекемелерi ұйымдастыратын iс-шараларға Уағдаласушы Тараптардың азаматтары болып саналмайтын адамдар да қатысып, өнер көрсете алады.
(2) Келiсiмнiң 16-бабының 2-тармағында аталған мәдениет мекемелерi iссапарға жiберiлген қызметкерлермен қатар жұмысқа жергiлiктi мамандарды да қабылдай алады. Жергiлiктi мамандардың жұмысқа кiруi мен еңбек шартын жасауы қабылдаушы Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
(3) Келiсiмнiң 16-бабының 2-тармағында аталған мәдениет мекемелерi министрлiктерге, басқа да мемлекеттiк мекемелерге аумақтық единицалардың әкiмшiлiктерiне, қоғамдық ұйымдарға, қоғамдарға, бiрлестiктерге және жеке адамдарға тiкелей қатынас жасай алады.
(4) Келiсiмнiң 16-бабының 2-тармағында аталған мәдениет мекемелерiнiң жабдықтары, техникалық құралдар мен материалдарды қоса алғанда, сондай-ақ олардың мүлiктерi жiберушi Уағдаласушы Тараптың меншiгi болып табылады.
10. (1) Уағдаласушы Тараптар тиiсiнше екiншi Уағдаласушы Тараптың мәдениет мекемелерiне олардың көрсеткен қызметтерi үшiн қолданылып жүрген заңдар мен басқа да ережелердiң шеңберiнде айналымнан алынатын салыққа қатысты жеңiлдiктер бередi.
(2) Мәдениет мекемелерiне және олардың қызметкерлерiне салық салуға байланысты басқа да мәселелер қажет болған жағдайда нота алмасу жолымен шешiледi.
11. Уағдаласушы Тараптар қажет болған жағдайда екi елдiң шарттарын ескере отырып, әкiмшiлiк сипаттағы жеңiлдiк жағдайлар жөнiнде келiсе алады және Уағдаласушы Тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша нота алмасу жолымен қосымша уағдаластықтар жасаса алады.
12. 1-тармақта аталған адамдар және олардың отбасылары қабылдаушы елдiң аумағында болған кезде:
- ұлттық немесе жеңiлдiктер берiледi, бұл жеңiлдiктердi екi Үкiмет шетелдiк мамандарға қолданылып жүрген заңдар мен өзге де ережелерге сәйкес бередi;
- қоғамдық тәртiпсiздiк салдарынан меншiк бүлiнген немесе жоғалған жағдайда жалпы халықаралық құқық бойынша қабылданған құқықтар берiледi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия
Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы мәдени
ынтымақтастық туралы Келiсiмге қол қойылуына байланысты
ХАТТАМА
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi бұл Келiсiм iшкi мемлекеттiк заңдарға сәйкес оған қол қойылған күннен бастап алдын ала қолданылады деп мәлiмдейдi.
Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi бұдан әрi Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағы мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы 1973 жылғы 19 мамырдағы осы Келiсiмнiң алдын ала қолданылатын кезiнен бастап Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республикасы арасындағы қатынастарда бұдан былай қолданылмайды деп мәлiмдейдi.
Бүгiн қол қойылып отырған Келiсiмнiң күшiне енген кезiнен бастап Кеңестiк Социалистiк Республикалар Одағының Үкiметi мен Германия Федерациялық Республикасының Үкiметi арасындағы мәдени ынтымақтастық туралы 1973 жылғы 19 мамырдағы Келiсiм Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтiк Республика арасындағы қатынастарда өзiнiң
қолданыста болуын тоқтатады.
Алматыда 1994 жылы 16 желтоқсанда әрқайсысы қазақ, немiс және
орыс тiлдерiнде екi дана болып жасалды, сонымен бiрге барлық
текстердiң күшi бар. Қазақ және немiс тiлдерiндегi текстерде
айырмашылық болған жағдайда орыс тiлiндегi текст айқындаушы болып
табылады.
Қазақстан Республикасының Германия Федеративтiк
Үкiметi үшiн Республикасының Үкiметi үшiн