Қазақстан Республикасының 1995 жылғы әлеуметтiк- экономикалық даму қорытындылары және 1996 жылға арналған мiндеттер туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 ақпан N 204

      Мемлекеттiк кәсiпорындарды реформалау, өндiрiстiк инфрақұрылымдарды модерлендiру, құрылымдық-институционалдық реформаларды жалғастыру, инвестициялық белсендiлiктi арттырудың ынталандырмаларын құру жөнiндегi салалық және аймақтық басқару органдарының жұмыстарын жандандыру, сондай-ақ кәсiпкерлiктi қолдаудың мемлекеттiк саясатын күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi 10 күн мерзiм iшiнде 1995 жылғы шаруашылық қызмет қорытындыларын қарасын, түйiндi проблемалар мен оларды шешу жөнiндегi шараларды айқындасын. Бұл шараларды салалық шаралардың жан-жақты жоспарларын, орта мерзiмдi аймақтық бағдарламалар мен 1996 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын әзiрлеген кезде ескеретiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi 1996-1998 жылдарда реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң iс-қимыл бағдарламалары мен жоспарының жекелеген ережелерiн және Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi әзiрлеген тиiстi құжаттарын жүзеге асыру мен нақтылау жөнiндегi үйлестiрушi орган болып белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және өзге де орталық атқарушы органдарының басшылары, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi ай сайын келесi есеп берiлетiн айдың 10-на дейiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне оларға белгiленген кесте мен нысан бойынша тиiстi ақпарат берсiн.
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық атқарушы органдарының, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiнiң бағдарламалары мен iс-қимыл жоспарларында айқындалған iс-қимылдардың бiрлiгi мен мақсатты бағыттарын қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi 1996 жылы өндiрiстi тұрақтандыру мен оның өсуiне алғышарттар жасауды қамтамасыз ету жөнiнде ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларынан талап етудi күшейтсiн. Мұнда баға түзуге және өндiрiс шығасысын қысқартуға, қызметтi қаржыландыруға бақылау жасауға ерекше назар аударсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнiң орындалмауына әсер еткен себептер мен факторларға талдау жасасын. 1996 жылдың 1 наурызына бюджетке түсетiн кiрiстердi барынша жұмылдыру, оларды жинауды жақсарту, бюджет қаражатын тиiмдi жұмсау жөнiнде бағдарлама әзiрлеп, оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      5. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi, өзге де орталық атқарушы органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
      1996 жылдың II тоқсанында мемлекеттiк бюджет есебiнен ұсталатын әлеуметтiк сала ұйымдарының құрылымы мен жүйелерiн ықтималдандыруды, оларды ұстаудың нормалары мен шарттарын тиiмдi етудi аяқтасын және көрсетiлетiн ақылы қызмет көлемiн арттыруға шара қабылдасын. Жұмыстың нәтижелерiн 1996 жылғы 1 шiлдеде Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн:
      "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi, қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл автомобильдерiнiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iссапарларға арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 30 желтоқсандағы N 1901 қаулысының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдап, нәтижесiн 1996 жылдың 1 мамырына Қазақстан Республикасының Үкiметiне мәлiмдесiн.
      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, облыстардың әкiмдерi 1996 жылдың көктемгi егiс жұмыстарына жер өңдейтiн және егiстiк техникалық дер кезiнде әзiрлеу жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасының Әлеуметтiк қорғау министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика және Қаржы министрлiктерiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорын қолдауға және кәсiпорындар мен ұйымдардың қаражат аудару жөнiндегi берешектерiн жоюға бағытталған шаралар әзiрлесiн.
      8. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiмен, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен және Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп бюджет есебiнен ұсталатын ұйымдарда ресурстарды үнемдi пайдалану мақсатында өлшеу және ресурс үнемдеушi приборлар мен тетiктердi енгiзу жөнiндегi шаралардың кестесiн әзiрлеп, бекiтсiн. Осы мәселе жөнiнде 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап тоқсан сайын Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпарат берсiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде фермерлiк шаруашылық ұйымдастырушы мемлекеттiк кәсiпорындар қызметкерлерiне және жеке тұлғаларға қайта құрылған және таратылған мемлекеттiк кәсiпорындардың өндiрiстiк үй-жайлары мен жабдықтарын беру туралы Қазақстан Республикасы Үкiметi шешiмдерiнiң жобасын әзiрлесiн.
      10. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және Экономика министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде көмiр өндiру көлемiн, осы саланы дамытудың мақсатқа сәйкестiлiгiн ескерiп, тиiмдi ету және айналадағы ортаны қорғау жөнiнде ұсыныс әзiрлесiн.
      11. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының мүдделi министрлiктерiмен және өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп 1996 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде халық тұтынатын тауарлар сатып алу үшiн Қазақстан Республикасы мен облыс

әкiмдерiнiң кепiлдiгiмен тартылған шетел кредиттерiн пайдаланудың
дұрыстығын, тиiмдiлiгiн және мақсатқа сәйкестiгiн тексерудi
ұйымдастырсын. Тексеру нәтижелерi туралы Үкiметке 1996 жылдың 
1 мамырына мәлiмдесiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады