Бұрынғы "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының басшылығы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен белгiленген тәртiптi бұза отырып, 1995 жылдың iшiнде жөнелтiлген өнiм үшiн төлемге Қазақстан Республикасының аумағында жүруi заңсыз Ресей Федерациясының заңды тұлғаларының борыштық мiндеттемелерiн (вексельдерiн) нақты құны бойынша жалпы сомасы 61.6 миллиард ресей рублiн қабылдаған.
Заңсыз төлем қаражатын төлемге қабылдау Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың бағасы мен сапасы жөнiндегi тиiстi сертификатсыз жалпы сомасы 4 миллион АҚШ долларына заңсыз айырбас операцияларының жүргiзiлуiне әкеп соқты.
Бұрынғы "Үлбi" мемлекеттiк холдинг компаниясының басшылығы қаржылық тәртiптi бұза отырып, Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң нұсқауы бойынша "Востокавиа" акционерлiк қоғамы үшiн ЯК-40 ұшағына 3 миллион АҚШ доллары сомасында төлем жасады.
"Үлбi метталлургия зауыты" акционерлiк қоғамы басшылығы материалдық құндылықтар беру шарттарын бұза отырып, сақтаулы тантал құймаларын әлемдiк деңгейден төмен бағамен сатқан.
Бұдан басқа, кредиттiк келiсiмдi тиiстi ресiмдеусiз шведтiң "Сканбург АБ" фирмасына берилий берiлген.
"Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын оңалту және қайта құру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi жедел және тиiстi шаралар қабылдамауына орай зауыттың қаржылық жағдайы елеулi түрде нашарлады, ол кәсiпорынды қаржылық сауықтыру үшiн қажеттi қаражаттың едәуiр көбеюiне әкеп соқты.
Жоғарыда аталған және өзге де заңсыздықтардың, сондай-ақ тиiмсiз коммерциялық операциялар жасау нәтижесiнде 1996 жылдың басындағы жағдай бойынша кредиттiк берешек 1.9 миллиард теңгеге, дебиторлық берешек - 1.1 миллиард теңгеге артты. Мемлекеттiк бюджетке берешегi 225 миллион теңге, Зейнетақы қорына - 100 миллион теңге, жалақы бойынша - 217 миллион теңге болды.
Тексергенде өндiрiстiң негiзгi қызметкерлерi 4 айдан астам, ал қосалқы қызметкерлер - 8 айға дейiн жалақы алмай отыр.
Осының бәрi еңбек ұжымының iшкi әлеуметтiк шиеленiсуiне апарып, сондай-ақ осы саладағы қоғамдық-саяси жағдайға да терiс әсер етедi. Қазақстан Республикасы Үкiметiне және әлеуметтiк-экономикалық қайта құруларды жүзеге асыруда олар жүргiзген бағыттарға, оның iшiнде республика кәсiпорындарын сенiмдi басқаруда және жекешелендiруде инвесторларға сенiмiн келтiредi.
Қаржылық сауықтыру, пайда болған жағдайларды түзету жөнiнде кезек күттiрмейтiн шаралар қабылдау мақсатында, сондай-ақ "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының елiмiз бен облыс экономикасындағы елеулi маңызын ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамындағы жағдайға Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары В.Л. Меттенiң, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы С.С. Қалмырзаевтың, Қазақстан Республикасы Энергетика және отын өнеркәсiбi министрi В.В. Храпуновтың, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi В.Г. Язиковтың тарапынан тиiстi бақылаудың болмағаны атап көрсетiлсiн.
2. "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы қарызын өтеуге қабiлетi жоқ борышқор деп танылсын және мүлiктердi сырттан басқару арқылы соттан тыс процедуралар жүргiзiлсiн.
Сырттай басқару орнатылған кезеңде кредит берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру тоқтатыла тұрсын.
3. "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын жедел басқару жөнiнде Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi В.Г. Язиковтың төрағалық етуiмен қосымшаға сәйкес құрамда комиссия құрылсын.
Комиссия төрағасы В.Г. Язиков "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы борыштарының құрылымына талдау жүргiзсiн және оларды қайтарудың тетiгiн әзiрлесiн.
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақтың күшi жойылды - ҚР Президентiнiң 1996.07.15.
N 3059 жарлығымен. U963059_
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң, Әдiлет министрлiгiнiң, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының және "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының өкiлдерiнен "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының 1994 жылдан бастап жасаған контрактiлерiн тексеру мен сараптау мақсатында жұмыс тобын құрсын.
Тексеру нәтижесi туралы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiне мәлiмдесiн.
6. Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының басшысы "Баргель" және "Сканбург АБ" фирмаларымен жасалған контрактiлер бойынша кепiлдiк мүлiктердiң болуына және оған меншiк құқығын "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының есебiнен сол жерге барып анықтау үшiн жұмыс тобын құрсын.
Жұмыс тобы жұмыстарының нәтижелерi жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне тиiстi ұсыныстар енгiзiлсiн.
7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын тексерген материалдарды тергеу органдарына берсiн.
8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және Шығыс Қазақстан облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, әлеуметтiк сала объектiлерiн "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының балансынан алып Өскемен қаласы әкiмiнiң балансына берсiн;
<*>
"Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамына кәсiпорындардың қоймаларында сақтаулы өнiмдердi кредит алу үшiн кепiл ретiнде пайдалануға рұқсат етсiн;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Шығыс Қазақстан аумақтық комитетiнiң төрағасы Б.А. Зверевтi "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң тұрақты өкiлi етiп тағайындасын;
"Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын басқаруға беру жөнiндегi бұрын қабылдаған шешiмнiң белгiленген тәртiппен күшiн жойсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ерекше өкiмi шыққанға дейiн оны жекешелендiрудi тоқтата тұрсын.
ЕСКЕРТУ. 8-тармақтың 3-абзацы алынып тасталған - ҚРҮ-нiң
1996.11.22. N 1430 қаулысымен. P961430_
9. "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын әлеуеттi инвестордың басқаруына беру және кейiннен жекешелендiру "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы еңбек ұжымының, Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының және Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң келiсуiмен жүзеге асырылатын болып белгiленсiн.
10. Қазақстан Республикасының Халық банкiне айналым қаражатын толықтыру және кәсiпорын берешегiн төлеу, оның iшiнде 1996 жылдың 1 наурызына дейiн еңбек ақы төлеу жөнiндегi берешектi толық көлемiнде өтеу мақсатында "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамы үшiн дайын өнiмнiң кепiлiне 8 миллион АҚШ долларына тең сомада кредит ресурстарын iздестiру, сондай-ақ аталған қаражатты мақсатты пайдалану жөнiнде шаралар қабылдау тапсырылсын.
11. Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының ядролық-энергетикалық кешенiнде кооперациялық байланыстарды дамыту мен тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi тиiстi үкiметаралық келiсiмдер негiзiнде бiр ай мерзiм iшiнде "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының ядролық-отын циклi кәсiпорындарымен және тәуелсiз мемлекеттер достастығы қатысушы мемлекеттерiнiң өзге де ұйымдарымен интеграциясы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
12. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы С.С. Қалмырзаевқа жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1995 жылғы 27 ақпандағы N 250 қаулысына қосымша
"Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамын
жедел басқару жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ Язиков В.Г. - Атом энергетикасы мен өнеркәсiбi жөнiндегi "КАТЭП" ұлттық акционерлiк компаниясының президентi (төраға) Комиссия мүшелерi: Кәкiмжанов З.Х. - Қазақстан Республикасының Халық банкi басқармасының төрағасы Скоз Е.Я. - "Үлбi металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының президентi Зверев А.Б. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Шығыс Қазақстан аумақтық комитетiнiң төрағасы Қорғамбеков Ж.К. - Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппараты Заң бөлiмiнiң консультанты