Әскери қызметшiлерге, Iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына уақытша тұрғын үй-жайларды жалға алғаны (жалдағаны) үшiн жәрдемақы төлеудi реттеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 ақпан N 256. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.29. N 410 қаулысымен.

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 20 қаңтардағы Заңының 12-бабын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекараны күзету жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, басқа да әскерлер мен әскери құрамалардың әскери қызметшiлерiне (мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерi мен әскери оқу орындарының курсанттарынан басқа). Қазақстан Республикасы Iшкi iстер органдарының тұрғын үй-жаймен қамтылмаған қатардағы және басшы құрамдағы адамдарына уақытша тұрғын үй-жайларды жалға алғаны (жалдағаны) үшiн ай сайынғы жәрдемақы мөлшерi:

     Алматы қаласында       - республикалық бюджетте жыл сайын
                              белгiленетiн есептi көрсеткiштiң
                              төрт есе мөлшерiнде;

     Облыс орталықтарында   - республикалық бюджетте жыл сайын
                              белгiленетiн есептi көрсеткiштiң
                              үш есе мөлшерiнде;

     басқа елдi-мекендерде  - республикалық бюджетте жыл сайын
                              белгiленетiн есептi көрсеткiштiң
                              екi есе мөлшерiнде;

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады