Ақмола қаласының бас жобасын әзiрлеу жөнiндегi авторлар ұжымының дербес құрамы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 19 наурыз N 330

      "Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 қыркүйектегi N 2457 U952457_ Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Ақмола қаласының бас жобасын әзiрлеу жөнiндегi авторлар ұжымының дербес құрамы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк комиссиясы бiр ай мерзiм iшiнде Ақмола қаласының бас жобасын әзiрлеу жөнiндегi авторлар ұжымының жұмысын және басқа қажеттi қала реттеу құжаттамасын ұйымдастырсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


                                        Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы "19" наурыздағы N 330 қаулысына қосымша


               Ақмола қаласының бас жобасын әзiрлеу

                   жөнiндегi авторлар ұжымының
                        ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ

     Авторлар ұжымының жетекшiсi:
     Досмағамбетов Б.Ф.      - Жоғары және орталық мемлекеттiк
                               органдарды Ақмола қаласына көшiру
                               жөнiндегi Қазақстан Республикасының
                               Мемлекеттiк комиссиясы төрағасының
                               бiрiншi орынбасары

     Авторлар ұжымының мүшелерi:
     Баймағамбетов С.Қ.      - Алматы қаласының Сәулет және қала
                               құрылысы департаментiнiң төрағасы

     Гладких В.Н.            - Ақмола қаласының бас сәулетшiсi

     Ералиев Т.Е.            - Алматықаламемсараптау басқармасының
                               бастығы, Қазақ КСР-на еңбек сiңiрген
                               сәулетшiсi

     Монтахаев Қ.Ж.          -"Алматыгипрогор" АҚ-ның бас сәулетшiсi,
                               КСРО халық сәулетшiсi, КСРО
                               Мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, Қазақ
                               КСР еңбек сiңiрген сәулетшiсi

     Мұхатметшина Е.Ә.       - Қазгипроқала жобалау институтының бас
                               сәулетшiсi

     Нысанбаева Л.В.         - Қазгипроқала жобалау институтының бас
                               сәулетшiсi

     Рүстембеков С.И.        - Қазақстан Сәулетшiлер одағы кеңесiнiң
                               мүшесi, Қазақстан Республикасының
                               еңбек сiңiрген сәулетшiсi

     Тоскин В.Ф.             - Ақмола облыстық құрылыс, тұрғын үй
                               және аумақтарда құрылыс салу
                               комитетiнiң бастығы, Қазақ КСР еңбек
                               сiңiрген сәулетшiсi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады