1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап зейнетақыны өсiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 26 наурыздағы N 357

      "Қазақстан Республикасы халық тұрмысының әлеуметтiк жағдайларын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 2692 U952692_ Жарлығы мен "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап осы күнге дейiн қалыптасқан еңбек, асыраушысынан айрылуына байланысты, мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң мүгедектiгi бойынша, әлеуметтiк зейнетақылар мөлшерiн - 20 процентке өсiру жүзеге асырылсын. Мұнда өсiрудiң ең төменгi сомасы еңбек зейнетақыларын (асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақылардан басқа), мерзiмдi қызмет әскери қызметшiлерiнiң мүгедектiгi бойынша зейнетақыларға айына 400 теңгеден, асыраушысынан айрылуына байланысты зейнетақыларға (асырауындағылардың әрқайсысына), әлеуметтiк зейнетақыларға - 300 теңгеден төмен болмауға тиiс.
      2. Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi зейнетақылардың жаңа өсiрiлген мөлшерiн 1996 жылдың 1 сәуiрiнен бастап Қазақстан Республикасы Зейнетақы қоры қаражатының есебiнен қайта есептеу мен төлеудi қамтамасыз етсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады