Азаматтарға және заңды ұйымдарға жер учаскелерiн беру нормаларын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 сәуiр N 401. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Жер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2718 
өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     Азаматтарға және заңды ұйымдарға жер учаскелерiн берудiң қоса берiлiп отырған нормалары бекiтiлсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1996 жылғы 8 сәуiрдегi       
N 401 қаулысымен           
Бекiтiлген               

              Азаматтарға және заңды ұйымдарға жер
                 учаскелерiн беру нормалары

      1. Жер учаскелерi мынадай мөлшерде:
      1) Қазақстан Республикасының азаматтарына:
      а) шаруа (фермер) қожалығын жүргiзу үшiн жердi тұрақты
пайдалануға:
      шаруашылық ұйымдастырғысы келетiн отбасылардың еңбекке жарамды әрбiр мүшесiне орташа аудандық жер үлесi мөлшерiнде - арнаулы жер қорының жерлерiнен; 
      жер үлесiне құқы бар отбасыларының әрбiр мүшесiне шаруашылық бойынша орташа жер үлесi мөлшерiнде - ауыл шаруашылығы ұйымдарының (кәсiпорындарының) жерлерiнен; 
      б) отбасылардың меншiгiне: 
      0,25 гектар суарылмайтын және 0,15 гектар суармалы жерлерде - селолық жерлерде жеке қосалқы шаруашылық (iргедегi және алқаптық үлестi қоса) жүргiзу үшiн; 
      тұрғын үй құрылысын салу және оған қызмет көрсету үшiн - 0,1 гектар; 
      бау-бақша, сондай-ақ саяжай құрылысы үшiн - 0,12 гектар; 
      2) құрылатын ұйым мүшелерiнiң санына көбейтiлген реформаланатын шаруашылық бойынша орташа жер үлесi мөлшерiнде - ауыл шаруашылығы өндiрiсi жалпы үлестi немесе жердi бiрлесiп тұрақты пайдалану үшiн ауыл шаруашылығы ұйымдарын реформалау нәтижесiнде құрылған мемлекеттiк емес заңды ұйымдарға тегiн берiледi. 
      2. Жердi тұрақты пайдалануға және жер учаскелерiн меншiкке қайтадан тегiн беруге осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген жағдайда рұқсат етiлмейдi. 
      3. Шаруа (фермерлiк) қожалығын жүргiзу үшiн тұрақты жер пайдалануда және жеке қосалқы шаруашылық, бау-бақша, жеке тұрғын үй және саяжай салуды жүргiзу үшiн жеке меншiкте болатын жер учаскелерiнiң шектi (барынша көп) мөлшерiн жергiлiктi жердiң жағдайы мен ерекшелiктерiне қарай облыстық атқарушы орган белгiлейдi. 
      Азаматтарға шектi мөлшерге дейiн тұрақты жер пайдалануға және жеке меншiкке тегiн берiлгеннен өзге қосымша жер учаскелерiн олар ақы төлеп сатып ала алады. 
      4. Заң тыйым салмаған өзге де мақсаттарға арналған жер учаскелерiнiң мөлшерi қызметтiң осы түрлерi үшiн жер бөлiп берудiң белгiленген тәртiппен бекiтiлген нормалары бойынша немесе қала құрылысы және жобалық-техникалық құжаттамаларға сәйкес анықталады. 
      5. Мемлекеттiк ауыл шаруашылығы ұйымдарына берiлетiн жер учаскелерiнiң мөлшерi өндiрiстiк қызмет жоспарларына және ғылыми-зерттеу және оқу-тәжiрибе жұмыстарының бағдарламаларына сәйкес анықталады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады