1. Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарын дағдарыстан шығару бойынша Қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның 1996 жылғы 5 сәуiрдегi шешiмi бекiтiлсiн (N 5 хаттама).
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi Мемлекеттiк комитетi үш күн мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Инекон Групп" акционерлiк қоғамына (Чех Республикасы) сату үшiн "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы акцияларының жалпы санының 51 процентi мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттiк пакетiн беретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi "Инекон Групп" акционерлiк қоғамымен бiрлесiп бес күн мерзiм iшiнде "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясының өндiрiстiк және шикiзаттық базасын кезең-кезеңмен дамытуға бағытталған инвестицияларын жүзеге асырудың жоспар-кестесiн жасасын және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне бекiтуге ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апта мерзiм iшiнде "Инекон Групп" акционерлiк қоғамымен "Қаратау" акционерлiк холдинг компаниясы акцияларының 51 процентi мөлшерiнде оның акцияларының мемлекеттiк пакетiн сатып алу-сату контрактiсiн жасасын.
5. "Инекон-Групп" акционерлiк қоғамымен жасалған контракт күшiне
енгеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң айрықша шешiмiне дейiн "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 195 қаулысындағы 2-тармақтың екiншi абзацының 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарының қолданылуы тоқтатылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi