Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 16 сәуiр N 458. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.01.07. N 10 қаулысымен. ~P990010

      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi қызметiнiң тиiмдiлiгiн арттыру, құрылымдық-инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн қажеттi сыртқы қаржы ресурстарын тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн халықаралық қаржы ұйымдары мен бiрiншi сыныпты шетел банктерiнiң қатысуымен кейiн ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң ұсыныстарымен келiсiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң жарғылық қорын 1995 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 наурыздағы N 2120 U952120_ Заң күшi бар Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы: Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2371 U952371_ Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiне бөлiнген кредиттiк ресурстарды есептеу жолымен 5 000 000 000 (бес миллиард) теңгеге дейiн көбейтсiн. <*>
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.07.15.
               N 902 қаулысымен. P960902_
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi мен мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi халықаралық қаржы ұйымдарымен және бiрiншi сыныпты шетел банктерiмен олардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнің жарғылық қорына акциялардың мемлекеттiк пакетiнiң 49 процентiне дейiн сатып алу жолымен қатысуы жөнiнде келiссөздер жүргiзсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (келiсiмi бойынша) 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiн ашық үлгiдегi акционерлiк қоғам етiп қайта құру үшiн қажеттi нормативтiк құжаттар пакетiн әзiрлеп, ұйымдық шараларды аяқтасын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiмен тиiстi келiсiм жасассын, онда инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшiн қажеттi iшкi және сыртқы қаржы ресурстарын тартуға кепiлдiктер беру шартын көздесiн.
      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiсiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 тамыздағы N 1208 P951208_ қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Жарғысының 14-тармағының бiрiншi абзацындағы "3 (үш) миллиард теңге сомасында" сөздерi "5 (бес) миллиард теңге сомасында" сөздерiмен ауыстырылсын.
      7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы қаулының орындалуына бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады