Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеу жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 29 сәуiр N 531

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Мемлекеттiк материалдық резевтер жөнiндегi комитетiне және Iшкi iстер министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы мекемелер алған жылу энергиясы үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетi Семей жылу электр орталығына мемлекеттiк резервтен 27522 мың (жиырма жетi миллион бес жүз жиырма екi мың) теңге сомаға осы жылу электр орталығының жауапты сақтауындағы 31,3 мың тонна көмiрдi босатсын.
      2. Семей облысының әкiмi мемлекеттiк резервтен алған көмiр құнының есебiне жылу энергиясы үшiн:
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Семей облысы жөнiндегi басқармасының 3215 мың (үш миллион екi жүз он бес мың) теңге сомасындағы;
      Семей облысының аумағында орналасқан қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнiң 23707 (жиырма үш миллион жетi жүз жетi мың) теңге сомасындағы;
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiнiң жүйесiндегi "Балқаш" кәсiпорнының 600 мың (алты жүз мың) теңге сомасындағы берешектерiн жабуды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген сомаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiн, Мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi комитетiн және Iшкi iстер министрлiгiн қаржыландыру есебiне есептесiн, аталған мекемелердi ұстау жөнiндегi босаған қаражатты мемлекеттiк резерв қорын толықтыруға аударсын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады