"Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын қаржылық-экономикалық сауықтыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 сәуiр N 533

      "Қазақстан әуе жолы" ұлттық акционерлiк авиакомпаниясын (бұдан әрi - Авиакомпания) қаржылық-экономикалық сауықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiленген тәртiппен:
      Авиакомпанияның жарғылық қорынан "Аэропорт г. Алматы" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн бөлсiн;
      Авиакомпанияның жарғылық қорынан "Қазавиастрой" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн бөлсiн және оны қолданылып жүрген заңдарға сәйкес сатсын;
      Авиакомпания құрамынан Азаматтық авиация академиясын шығарсын және оның ұйымдық-құқықтық нысанын айқындасын;
      сыртқы байланыстар арқылы қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзсiн.
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1030 қаулысымен. P961030_
      3. Авиакомпанияны қайта ұйымдастыру процедураларын жүргiзу жөнiндегi жалпы басшылық Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiнегi агенттiкке және "Казкоммерцбанк" акционерлiк банкiне жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасына Авиакомпанияны басқаруға сенiмдi басқарушысымен жасасқан контрактiге қол қоюға өкiлеттiк берiлсiн.
      5. "Казкоммерцбанк" акционерлiк банкi үш ай мерзiм iшiнде Авиакомпанияға "SH & E" компаниясын тарта отырып қаржылық және техникалық аудит жүргiзсiн. Аудиттiң нәтижесiн Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiгi аудит нәтижелерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Авиакомпанияның кредиторлық және дебиторлық берешектерiнiң құрылымын өзгерту жөнiнде ұсыныстар берсiн.
      7. <*>
      ЕСКЕРТУ. 7-тармақ күшiн жойды - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
               N 1030 қаулысымен. P961030_
      8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Казкомерцбанк" акционерлiк банкiнiң қатысуымен бiр апта мерзiм iшiнде Авиакомпания құрамына кiретiн акционерлiк қоғамдардың, жергiлiктi атқарушы органдардың балансына беруге жататын әлеуметтiк сала объектiлерiнiң тiзбесiн айқындасын және бiр ай мерзiм iшiнде оларды балансқа берудi жүзеге асыратын болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерiмен бiрлесiп жер учаскелерiн Авиакомпаниялар мен әуежайларға бекiту туралы мәселенi шешсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе көлiгi департаментiнiң мемлекеттiк функциялардың өсуiне байланысты 1996 жылдың 1 маусымынан бастап Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi аппаратының санын 20 адамға көбейтсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп
бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан
Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жанынан Әуе
кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiнде комитет
құру жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
     12. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ. Есенғаринге
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады