Қазақстан Республикасының акциз маркаларымен таңбаланған акциздеуге жататын тәркiленген тауарларды сатуды ретке келтiру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 сәуiрдегi N 535. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының аумағында отандық және импорттық өндiрiстiң алкоголь және темекi өнiмдерiн мiндеттi таңбалаудың енгiзiлуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. ТМД елдерiнен әкелiнетiн алкоголь және темекi өнiмдерiн арнайы акциз алымы маркаларымен мiндеттi таңбалау енгiзiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына отандық және импорттық өндiрiстiң таңбаланбаған, акциздеуге жататын тәркiленген өнiмдi таңбалау мен сатуды жүзеге асыратын кәсiпорынды белгiлеп, оны акциз алымы маркаларымен қамтамасыз ету тапсырылсын. 
      3. Өнiмдердi сату мен бюджетпен есеп айырысу тәртiбi Тәркiленген, иесi жоқ мүлiктi, мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен мүлiктi, қазынаны, олжаларды, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды есепке алу, бағалау мен сату тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1995 жылғы 17 ақпандағы N 29 Нұсқаулығына сәйкес жүргiзiлсiн. 
      4. Тәркiленген, таңбаланған, акциздеуге жататын өнiмдi сатудан түскен қаражат 40 процент мөлшерiнде республикалық бюджеттiң кiрiсiне, 30 процент мөлшерiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiсiне және 30 процент мөлшерiнде салық қызметi органдарын әлеуметтiк дамыту және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының есебiне аударуға жатады. 
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы тiркелген алкоголь және темекi өнiмдерiн таңбалау мен сату жөнiнде жүргiзiлетiн жұмыс туралы есептiлiктi әзiрлеп, бекiтсiн. 
      6. Сатылатын өнiмнiң бағасы ұқсас өнiмдердiң орташа нарықтық бағасына сәйкес болуы тиiс. 
      7. Сатылған өнiм үшiн есеп айырысу сатылған күннен 10 күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс. Бюджетке аударуға жататын белгiленген мерзiмде төленбеген сомаларды салық қызметi органдары Қазақстан Республикасының салық заңдарында көзделген санкцияларды қолдана отырып қайтарып алады. 
      8. "Отандық алкоголь өнiмiн шығарушылар үшiн акциз алымы маркаларын жапсыруға арналған аппараттар сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 7 тамыздағы N 1095 қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады