Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 2 мамырдағы N 537

      Қазақстанның экономикалық және рухани әлеуетiн көтеруге барынша толық жәрдемдесу мақсатында және ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттiк жүйесiн дамытуда Ұлттық кiтапхана ролiнiң өсуiне байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 U952700_ Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына өзгерту енгiзiлсiн:
      25-тармақтың екiншi абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ұлттық ғылым академиясына және Ұлттық кiтапханаға бөлiнген еңбекақы қорының шегiнде ведомстволық бағыныстағы ғылыми мекемелерге еңбекақы ставкаларына 1,75 көтерiңкi коэффициент белгiлеу құқығы берiлсiн".
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады