Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 мамыр N 575. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.23. N 1749 қаулысымен. ~P001749

      Уақыттың бiрыңғай өлшемi мен жиiлiгiнiң бiрлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастық туралы қатысушы мемлекеттер Келiсiмiнiң қабылдануына және 1996 жылдан бастап жазғы уақытты қолдану тәртiбi туралы Бiрiккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссияның ұсыныстамаларына (ТRАNS/SС, 2/R. 222 құжат) байланысты Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасының территориясында уақыт есептеу тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 13 қаңтардағы N 28 қаулысына мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
      1-тармақтың екiншi абзацындағы "қыркүйектiң соңғы жексенбiсiнде" деген сөздер "қазанның соңғы жексенбiсiнде" деген сөздермен ауыстырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады