Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 13 мамыр N 591. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.12.24. N 1382 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347  K952347_  қаулысын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1995 ж, N 21, 235-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Мыналар бекiтiлсiн: 
      Қазақстан Республикасында 1995-1997 жылдары жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi бағдарламасы; 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 3-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
               1996.08.07. N 981 қаулысымен.  P960981_  
      2. Министрлiктер, мемлекеттiк комитеттер, ведомстволар, олардың аумақтық органдары, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi, олардың ведомстволық бағыныстағы кәсiпорындары, мекемелерi "Қазақстан Республикасында жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 маусымдағы N 2347 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 21, 235-бап) талаптарының орындалуын ұйымдастыру және қаржы-материалдық жағынан қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 
      3.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.08.07. 
               N 981 қаулысымен. 
      4. Кәсiпорындардың, мекемелердiң басшылары 1996 жылға арналған құқықтық аттестация өткiзудiң кестесiн бекiтсiн.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 
               1996.08.07. N 981 қаулысымен. 
      5. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi, Жастар iсi, туризм және спорт жөнiндегi министрлiгi, Бiлiм министрлiгi басқа да мүдделi органдармен бiрлесiп тәрбиелеу мекемелерiнде жазасын өтеушi, милиция органдарында есепте тұратын кәмелетке жетпеген жасөспiрімдердi құқықтық оқыту және тәрбиелеу бағдарламасын 1996 жылдың 1 шiлдесiне дейiн әзiрлесiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру және өткiзу жөнiнде шараларды жүзеге асыру және өткiзу үшiн 1996 жылы мынадай қаржыландыру жүргiзсiн: 
      Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ғылымға және әлеуметтiк маңызы бар әдебиеттердi қаржыландыруға арналып республика бюджетiнде көзделген қаражат шегiнде 7,0 миллион теңге мөлшерiнде; 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн көтеру институтына бiлiм беру және кәсiби даярлыққа арналып республика бюджетiнде көзделген ақша бөлу сметасын нақтылау есебiнен 6,0 миллион теңге мөлшерiнде.
      7. "Қазақ ССР-iнде жалпыға бiрдей праволық оқуды ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 27 қыркүйектегi N 390 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасы     
Үкiметiнiң           
1996 жылғы 13 мамырдағы     
N 591 қаулысымен        
бекiтiлген            

          

 Қазақстан Республикасында 1996-1998 жылдарға
         арналған жалпыға бiрдей құқықтық оқудың кешендi
                        Бағдарламасы
____________________________________________________________________
р\с|       Шаралар           |  Жауаптылар             |  Мерзiмi
____________________________________________________________________
 1 |            2            |            3            |      4
____________________________________________________________________
              I. Жалпы мәселелер

1.  24-30 сағаттық жылдық оқу  министрлiктер, мемлекеттiк  тұрақты
    бағдарламасы бойынша құқық комитеттер, ведомстволар,    түрде
    бiлiмдерiнiң тұрақты жұмыс олардың аумақтық органдары,
    iстейтiн мектептерiнде     Үкiмет жанындағы Мемлекеттiк
    (курстарында) құқықтық     қызметшiлердi қайта даярлау
    оқыту (айына кемiнде       және бiлiктiлiгiн көтеру
    екi-үш рет)                институты, әкiмшiлiк-аумақтық
                               бiрлiктердiң әкiмдерi,
                               ұйымдардың басшылары
2. Азаматтардың әртүрлi        Әдiлет министрлiгi, Бiлiм 1996 жылдың
   санаттарының жас шамасы,    министрлiгi, Еңбек          II-III
   кәсiптiк және басқа да      министрлiгi, Баспасөз және  тоқсаны 
   ерекшелiктерi ескерiлiп,    бұқаралық ақпарат жөнiндегi
   құқықтық оқудың тақырыптық  ұлттық агенттiк, Қорғаныс
   жоспарлары мен              министрлiгi, Ғылым министрлiгi -
   бағдарламаларын әзiрлеу     Ғылым академиясы 

     Ескертпе. Жоспарлар мен бағдарламалар әзiрленгенге дейiн құқықтық оқу, министрлiктер, ведомстволар, олардың аумақтық органдары, әкiмшiлiк аумақтық бiрлiктердiң әкiмдерi мен ұйымдар әзiрлеген бағдарламалар бойынша жүргiзiледi. 

3. Қазақстан Республикасы      Үкiмет жанындағы Мемлекеттiк 1996 жыл
   Президентiнiң  1995 жылдың  қызметшiлердi қайта даярлау    мамыр
   21 маусымдағы N 2347        және бiлiктiлiгiн көтеру
   қаулысымен бекiтiлген       институты, министрлiктер,
   Қазақстан Республикасын.    мемлекеттiк комитеттер,
   дағы Жалпыға бiрдей         ведомстволар және олардың
   құқықтық оқу туралы         аумақтық органдары, әкiмшiлiк-
   ережеге сәйкес азаматтардың аумақтық бiрлiктердiң
   әртүрлi санаттарының        әкiмдерi, кәсiпорындардың,
   құқықтық оқуға жеке         мекемелердiң басшылары
   тұрғыдан келуiн ескерiп,
   тыңдаушылар құрамын белгiлеу

4. Қазақстан Республикасының   Әкiмшiлiк - аумақтық          1996
   облыстарында, аудандарында  бiрлiктердiң әкiмдерi         жылдың 
   базалық кәсiпорындар,       мен әдiлет басқармалары,      II-шi 
   мектептер, училищелер,      министрлiктердiң, мемлекеттiк  жарты
   техникумдар, жоғары оқу     комитеттердiң, ведомстволар.  жылдығы
   орындарын белгiлеу, онда    дың, сондай-ақ кәсiпорындардың
   оларға құқықтық оқудың      мекемелердiң аумақтық
   оқу-әдiстемелiк орталықта.  органдарының басшылары
   рының қызметi жүктелген,
   қажеттi материалдармен,
   көрнекi оқу құралдарымен,
   анықтамалық-заңгерлiк
   әдебиетпен, техникалық
   құралдармен жабдықталған
   құқықтық оқу кабинеттерiн
   жарақтау 

          II. Оқушы жастардың құқықтық оқуын ұйымдастыру 

   Мектеп жасына дейiнгi
   балалар мекемелерiнде
   құқықтық оқуды ұйымдастыру 

5. Мектеп жасына дейiнгi бала. Бiлiм министрлiгi, Әдiлет  1996 жыл
   ларға құқықтық тәрбие       министрлiгi және олардың  1997 жылдың
   берудiң нысандары мен       аумақтық органдары         бiрiншi
   әдiстерiн әзiрлеу және                                 жарты
   оларды мектеп жасына                                   жылдығы
   дейiнгi балалар
   мекемелерiнде енгiзу

6. Мектеп жасына дейiнгi       Бiлiм министрлiгi, Ғылым   Бұл да сол
   балалармен жұмысқа          министрлiгi - Ғылым
   арналған құқықтық тәрбие    академиясы Әдiлет
   және оқыту бойынша          министрлiгi
   әдiстемелiк құралдар, оқу
   материалдарын әзiрлеу

7. Мектеп жасына дейiнгi       Бiлiм министрлiгi,         1)ұйымдас.
   балаларға құқықтық тәрбие   облыстардың, қалалардың,    тыру
   беру жөнiндегi лекторийлер  аудандардың бiлiм        мәселелерiн
   және ата-аналарды           басқармалары (бөлiмдерi),  шешу
   дайындаудың басқа да        мектеп жасына дейiнгi    1996 жылдың
   нысандарын ұйымдастыру      балалар мекемелерiнiң,     II-III
                               әдiлет басқармаларының     тоқсандары
                               басшылары                  2) басқа
                                                         мәселелердi
                                                         шешу тұрақ-
                                                         ты түрде

   Жалпы бiлiм беретiн мектепте
   құқықтық оқуды ұйымдастыру 

8. Бiлiм жалғастығын, оның     Бiлiм министрлiгi, Ғылым   1996-1997
   үздiксiздiгiн, жалпы бiлiм  министрлiгi - Ғылым        оқу
   беретiн мектепте бүкiл оқу  академиясы                 жылынан
   кезеңiнде құқықтық                                     бастап
   бiлiмдердi бiртiндеп
   тереңдетудi қамтамасыз ету
   арқылы оқытудың 1 класынан
   бастап "Мораль және құқық
   негiздерi" мiндеттi пәнiн
   енгiзу мәселесiн шешу

9. Бастауыш мектепте (1-4      Бiлiм министрлiгi, Ғылым   1996/1997
   кластарда) "Мораль және     министрлiгi - Ғылым       оқу жылынан
   құқық негiздерi" пәнi       академиясы                 бастап
   шеңберiнде құқықтық оқуды
   "Қоршаған ортамен танысу"
   курсы негiзiнде жүргiзу

10.Толық емес орта мектепте    Бұл да сол                 Бұл да сол
   (5-8 кластар) "Құқық
   негiздерi" пәнiн құқық,
   мемлекет, заңдылық, құқық
   сақтау, заң алдында
   жауапкершiлiк туралы бастапқы
   бiлiмдердi тереңдету және
   арттыру, әлеуметтiк
   әдiлеттiлiк,адамның зор
   азаматтығы жеке тұлғаның
   орнықты имандылық-құқықтық
   қасиеттерi туралы
   түсiнiктердi қалыптастыру
   жолымен ұйымдастыру

11.9-шы класта Қазақстан      Бiлiм министрлiгi, Ғылым   1996/1997
   Республикасы Конституция.  министрлiгi - Ғылым        оқу жылынан
   сының және конституциялық  академиясы                 бастап
   заңдарының ережелерiн
   зерделеу

12.10-11 кластарда құқық      Бұл да сол                 Бұл да сол
   салалары бойынша негiзгi
   ережелердi зерделеу

13.Оқытудың негiзгi нысандарын Бұл да сол                Бұл да сол
   олимпиадалар, клубтар,
   үйiрмелер,т.т. әзiрлеу. Оқу
   процесiнде техникалық
   құралдарды, құқықтық
   проблемалық жағдайлар шешiлетiн
   iскерлiк ойындарды пайдалану 

   Арнаулы орта және жоғары оқу
   орындарында құқықтық оқытуды
   ұйымдастыру 

14.Арнаулы орта және жоғары оқу  Бiлiм министрлiгi,    1996/1997 оқу
   орындарындағы құқықтық        Ғылым министрлiгi -  жылынан бастап
   оқытудың үздiксiздiгi мен     ғылым академиясы
   жалғастығын қамтамасыз ету

15.Оқу орнының ерекшелiгiн       Бұл да сол            Бұл да сол
   ескерiп, қолданылып жүрген
   заңдардың негiзгi ережелерiн
   тереңдете зерделеу

16.Оқу процесiн жүргiзудiң       Бұл да сол            Бұл да сол
   әртүрлi нысандарын әзiрлеу.
   Құқықтық бiлiмдердi
   тереңдетуге бағытталған
   шаралар енгiзу

17.Құқықтық бiлiмдердi кеңейту,  Бұл да сол            Бұл да сол
   оларды терең игеру және
   құқықтық материалды нақтылау.
   "Мамандандырудың құқықтық
   мәселелерi, оның неғұрлым
   өзектi проблемалары",
   "Ғылыми-техникалық прогрестi
   құқықтық қамтамасыз ету" және
   т.б. арнаулы курстарын енгiзу

18.Құқықтық пәндердi зерделеу    Бiлiм министрлiгi,    1997/1998
   бойынша оқу және оқудан тыс   Ғылым министрлiгi -   оқу жылынан
   процестердi ұйымдастырудың    Ғылыми академиясы     бастап
   нысандары мен әдiстерiн
   әзiрлеу 

   Ұйымдастыру мәселелерiн шешу 

19.Құқықтық оқу бойынша оқу     Бiлiм министрлiгi ,    1996 жылдың
   жоспарлары мен бағдарлама.   Ғылым министрлiгi -    екiншi жарты
   ларын әзiрлеу:               Ғылым академиясы,      жылдығы/
   мектеп жасына дейiнгi        Әдiлет министрлiгi     1997 жыл
   балалар мекемелерi;
   жалпы бiлiм беретiн
   мектептер;
   арнаулы орта және жоғары
   оқу орындары үшiн

20.Азаматтардың әртүрлi санат.  Әдiлет министрлiгi,    1996/1997
   тарына құқықтық сананы       Ғылым министрлiгi -    жылдар
   қалыптастыру және құқықтық   Ғылым академиясы,
   тәрбие берудiң өзектi        Бiлiм министрлiгi
   мәселелерi бойынша нысаналы
   зерттеулер жүргiзу

21.Бiлiм беру мекемелерiнде     Бiлiм министрлiгi,     1996 жылдың
   құқықтық оқытуды ұйымдастыру Ғылым министрлiгi -    екiншi жарты
   бойынша ұсынымдар,           Ғылым академиясы,      жылдығы -
   оқу-әдiстемелiк материалдар  Әдiлет министрлiгi     1997 жылдың
   дайындау                                            бiрiншi жарты
                                                       жылдығы

22.Мектеп жасына дейiнгi        Бiлiм министрлiгi,     1997-1998
   балалар мекемелерi, жалпы    Әдiлет министрлiгi,    жылдар
   бiлiм беру мектептерi,       Ғылым министрлiгi -
   арнаулы орта және жоғары     Ғылым академиясы
   оқу орындары үшiн оқулықтар,
   оқу құралдарын, көрнекi
   оқу құралдарын, және т.б.
   оқу-әдiстемелiк материалдар
   дайындау және басып шығару

23.Оқу орындарындағы құқық      Бiлiм министрлiгi,    1) ұйымдастыру
   пәндерi оқытушыларын ұдайы  Әдiлет министрлiгi, мәселелерiн шешу-
   қайта даярлауды және         олардың аумақтық     1996 жыл;
   бiлiктiлiгiн көтерудi        органдары             2) басқа
   ұйымдастыру                                        мәселелердi
                                                      шешу тұрақты
                                                      түрде

24.Педагогикалық жоғары оқу     Бiлiм министрлiгi     1997-1998
   орындарында құқық және тарих                        жылдар
   пәндерi мұғалiмдерiн даярлау
   жөнiнде бөлiмшелер ашу,
   педагогикалық училищелердiң
   мектеп жасына дейiнгi балалар
   мекемелерi мамандарын дайындау
   бөлiмшелерiнде мектеп жасына
   дейiнгi балалар мекемелерiнде
   құқықтық тәрбие беру
   әдiстемесi бойынша пәндi
   зерделеудi енгiзу

25.Iшкi iстер министрлiгi,   Iшкi iстер министрлiгi, 1)ұйымдастыру
   Жастар iсi, туризм және      Жастар iсi, туризм      мәселелерiн
   спорт министрлiгi, Бiлiм     және спорт министрлiгi, шешу - 1996
   министрлiгi әзiрленген       Бiлiм министрлiгi      жылдың III-IV
   бағдарлама негiзiнде                                 тоқсандары;
   тәрбиесi "қиын"                                      2) басқа
   жасөспiрiмдерге, сондай-ақ                           мәселелердi
   тәрбиелеу мекемелерiндегi                          шешу - тұрақты
   кәмелетке жетпеген                                   түрде
   жеткiншектерге құқықтық
   тәрбие беру және оқытуды
   қамтамасыз ету 

           III. Халықтың әртүрлi санаттарын құқықтық оқыту 

26.Құқықтық оқытуды Қазақстан   министрлiктер,        1)ұйымдастыру
   Республикасындағы жалпыға    мемлекеттiк комитеттер, мәселелерiн
   бiрдей құқықтық оқу туралы   ведомстволар, олардың   шешу - 1996
   ережеге және Қазақстан       аумақтық органдары,     жылдың
   Республикасының Қарулы       әкiмшiлiк аумақтық    бiрiншi жарты
   Күштерiндегi әскери          бiрлiктердiң әкiмдерi,  жылдығы;
   қызметшiлер мен азаматтық    кәсiпорындардың,        2) басқа
   құрамның жалпыға бiрдей      мекемелердiң басшылары, мәселелердi
   құқықтық оқуын ұйымдастыру   әскери бөлiмшелердiң    шешу тұрақты
   туралы ережеге сәйкес        командирлерi            түрде
   ұйымдастыру және жүргiзу

27.Тұрақты жұмыс iстейтiн       Әдiлет министрлiгi,     1996 жыл
   құқықтық бiлiмдер            Ғылым министрлiгi -
   мектептерiнде құқықтық       Ғылым академиясы
   оқытуды ұйымдастыру үшiн
   оқу материалдарын, көрнекi
   оқу құралдарын және т.с.
   әзiрлеу және басып шығару 

                  IV. Құқықтық аттестация 

28<*> 

29.Министрлiктер, мемлекеттiк                           1996 жыл
   комитеттер, ведомстволар     
   аппараттарының және олардың  
   аумақтық органдарының        
   лауазымды адамдарын,         
   мамандарын,                  
   әкiмшiлiк-аумақтық           
   бiрлiктердiң әкiмдерiн,
   кәсiпорындар мен мекемелер
   басшыларын құқықтық
   аттестациядан өткiзу <*>

      ЕСКЕРТУ. 28 рет нөмiрi, 29 рет нөмiрiнiң 2 бағанындағы сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1996.08.07.N 981 қаулысымен.

30.Кәсiпорындар мен             кәсiпорындар мен        1996 жыл
   мекемелердiң лауазымды       ұйымдардың басшылары
   адамдарын құқықтық
   аттестациядан өткiзу

31.Жұмысының ерекшелiгiне       Әдiлет министрлiгi,     1996 жылдың
   қарай басшы кадрлар мен      Бiлiм министрлiгi,      мамыр-
   мамандарды аттестациялау     Қорғаныс министрлiгi,   маусымы
   үшiн құқықтық мәселелердiң   еңбек министрлiгi
   үлгiлiк тiзбелерiн әзiрлеу 

                 V. Қазақстан Республикасындағы құқықтық
                      оқытуды кадрмен қамтамасыз ету

32.Министрлiктерде, мемлекеттiк  министрлiктер,          1996 жылдың
   комитеттерде, олардың       мемлекеттiк комитеттер бiрiншi жарты
   аумақтық органдарында,        олардың аумақтық        жылдығы
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер  органдары,
   әкiмдерiнiң аппараттарында,   әкiмшiлiк-аумақтық
   кәсiпорындарда, мекемелерде   бiрлiктердiң әкiмдерi,
   тұрақты жұмыс iстейтiн        кәсiпорындар мен
   құқықтық бiлiм мектептерiнде  мекемелердiң басшылары
   ұйымдастыру және ақпараттық
   қамтамасыз ету жөнiнде
   жұмыс органдары (комиссиялар)
   құрылып, оларға мынадай
   мiндеттер жүктелсiн:
   нақты оқу жоспарлары мен
   бағдарламалар жасау;
   жоспарлар мен бағдарламалар
   негiзiнде баяндамалардың,
   лекциялардың тезисiн жасау;
   мектептердi көрнекi
   құралдармен, оқу
   материалдарымен және басқа
   да оқу құралдарымен
   жабдықтау;
   тыңдаушылардың қатысуын
   қамтамасыз ету;
   сабақтардың уақтылы және
   сапалы жүргiзiлуiне бақылау
   жасау;
   басқа да ұйымдастыру
   мәселелерiн шешу

33.Жалпыға бiрдей құқықтық                              тұрақты
   оқуды ұйымдастырудың                                 түрде
   негiзгi мәселелерiн
   Қазақстан Республикасы
   Министрлер Кабинетiнiң
   1995 жылғы 5 мамырдағы
   N 624 қаулысымен
   бекiтiлген Мемлекеттiк
   басқару органдары мен
   олардың ведомстволық
   бағыныстағы кәсiпорындарының,
   мекемелерiнiң заң қызметi
   туралы ереже негiзiнде
   орталық және жергiлiктi
   атқару органдарының,
   олардың ведомстволық
   бағыныстағы кәсiпорындарының,
   мекемелерiнiң заң қызметтерi
   шешедi

34.Оқу жоспарлары мен           Үкiмет жанындағы       тұрақты
   бағдарламаларына сәйкес      Мемлекеттiк қызметшi.  түрде
   құқықтық оқытуға құқықтық    лердi қайта даярлау
   және басқа мемлекеттiк       және бiлiктiлiгiн
   органдардың нақты            көтеру институты,
   қызметкерлерiнiң,            министрлiктер,
   ғалымдардың, тәжiрибелi      мемлекеттiк комитеттер
   заңгерлердiң белсендi        ведомстволар және
   қатысуын қамтамасыз ету      олардың аумақтық
                                органдары,
                                әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                әдiлет басқармалары 

           VI. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуға бұқаралық
                  ақпарат құралдарының қатысуы 

35.Мерзiмдiк басылымдарда       Баспасөз және бұқаралық  1996 жыл
   Қазақстан Республикасының    ақпарат құралдары
   қолданылып жүрген заңдардың  жөнiндегi ұлттық
   және құқықтық қолдану        агенттiкпен бiрлесiп
   тәжiрибесiн түсiндiретiн     Әдiлет министрлiгi,
   айдарлар ашу                 әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                облыстық, қалалық және
                                аудандық газеттердiң
                                редакциялары

36.Халыққа жалпыға бiрдей       "Қазақстан теледидары    Бұл да сол
   құқықтық оқу бойынша         мен радиосы"
   арнаулы хабарлар             республикалық
   ұйымдастыру                  корпорациясымен бiрлесiп
                                Әдiлет министрлiгi,
                                әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                теледидар және радио
                                хабарын тарату жөнiндегi
                                комитеттер

 
37.Мерзiмдi басылымдар, радио   Баспасөз және бұқаралық   Бұл да сол
   хабарын тарату және          ақпарат құралдары
   теледидар редакцияларында    жөнiндегi ұлттық 
   құқықтық тәрбие бөлiмдерiн   агенттiкпен бiрлесiп
   ашу мүмкiндiгiн қарау        Әдiлет министрлiгi,
                                "Қазақстан теледидары
                                мен радиосы" республикалық
                                корпорациясы,
                                әкiмшiлiк-аумақтық
                                бiрлiктердiң әкiмдерi,
                                облыстық және аудандық
                                газеттердiң редакциялары,
                                теледидар және радио
                                хабарын тарату жөнiндегi
                                комитеттер

38.Жалпыға бiрдей құқықтық      Әдiлет министрлiгi,       тұрақты
   оқу бойынша бұқаралық        Бiлiм министрлiгi, Iшкi   түрде
   ақпарат құралдарының         iстер министрлiгi және
   қызметiн                     басқа құқық қорғау
   ақпараттық-құқықтық          органдары, сот органдары,
   қамтамасыз ету               Ғылым министрлiгi -
                                Ғылым академиясы 

           VII. Мәдени-ағарту мекемелерiнiң жалпыға бiрдей
                    құқықтық оқуға қатысуы 

39.Мәдениет мекемелерiнде      Мәдениет министрлiгi, 1)ұйымдастыру
   халықтың жалпыға бiрдей     Әдiлет министрлiгi  мәселелерiн шешу     құқықтық оқуын ұйымдастыру                         1996 жылдың
   бойынша жүйелi дайындықты                          III тоқсаны;
   және әдiстемелiк                                    2) басқа
   материалдарды зерделеудi                         мәселелердi шешу
   қарастыру                                          тұрақты түрде

40.Имандылық-құқықтық          Мәдениет министрлiгi   жыл сайын
   тақырыптар бойынша
   фильмдер көрсетiлетiн
   республикалық апталықтар,
   айлықтар өткiзудi
   тәжiрибеге енгiзу

41.Көпшiлiк кiтапханаларда     Мәдениет министрлiгi   1)ұйымдастыру
   заң әдебиетiнiң, журналдар                         мәселелерiн
   мен газеттердiң қажеттi                            шешу-1996 жыл;
   қорын құру                                         2) басқа
                                                      мәселелердi
                                                      шешу тұрақты
                                                      түрде 

              VIII. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуды
         материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету 

42.Атқару өкiметi              министрлiктер,        тұрақты түрде
   органдарының және олардың   мемлекеттiк комитеттер,
   ведомстволық бағыныстағы    ведомстволар,
   кәсiпорындарының,           әкiмшiлiк-аумақтық 
   мекемелерiнiң               бiрлiктердiң әкiмдерi
   қызметкерлерiн құқықтық     және оларға
   оқыту бойынша шығындары     ведомстволық
   өз қаржысы есебiнен жүзеге  бағыныстағы органдар,
   асырылады                   органдар, кәсiпорындар,
                               мекемелер

43.Жалпыға бiрдей құқықтық    Қаржы министрлiгi        1)1996 жылдың
   оқу жөнiнде оқу-әдiстемелiк                         iшiнде;
   жұмысты қамтамасыз ету                              2)1997 және
  үшiн Әдiлет министрлiгiне                           1998 жылдарға
   7,0 миллион теңге, Үкiмет                           арналған
   жанындағы Мемлекеттiк                               республикалық
   қызметшiлердi қайта                                 бюджеттерде
   даярлау және бiлiктiлiгiн                           қарастыру
   көтеру институтына
   6,0 миллион теңге бөлу

44.Осы кешендi бағдарламада    Қаржы министрлiгi       1997 және
   көзделген шараларды                                 1998 жылдарға
   орындау жөнiндегi                                   арналған
   жұмыстарды қамтамасыз ету                           республикалық
   үшiн Ғылым министрлiгi                              бюджеттерде
   Ғылым академиясына,                                 қарастыру
   Бiлiм министрлiгiне                              
   мақсатты нысанда қажеттi
   қаражат бөлу

45.Заңгер кадрлар мен халықты  Қаржы министрлiгi       1997-1998
   заңгерлiк әдебиетпен,      Экономика министрлiгi    жылдар
   кодекстермен, анықтамалармен
   заңдық және нормативтiк
   актiлермен, әдiстемелiк және
   көрнекi оқу құралдарымен
   неғұрлым толық қамтамасыз
   ету мақсатында жабдықтар,
   қағаздар және басқа оның
   полиграфиялық қуатын
   күшейтетiн техниканы алу
   үшiн "Жетi жарғы" заң
   баспасына валюталық қаржы
   бөлу 

               IХ. Жалпыға бiрдей құқықтық оқуды ұйымдастыру
                        және жүргiзуге бақылау жасау 

46."Қазақстан Республикасында
   жалпыға бiрдей құқықтық
   оқуды ұйымдастыру жөнiндегi
   шаралар туралы" Қазақстан
   Республикасы Президентiнiң
   1995 жылғы 21 маусымдағы
   N 2347 қаулысын жүзеге
   асырудың барысы туралы
   мәселелер қарау: 

   Қазақстан Республикасы                               жылына 1 рет
   Үкiметiнiң мәжiлiстерiнде 

   министрлiктердiң, мемлекеттiк                        жылына 2 рет
   комитеттердiң, ведомстволардың,
   олардың аумақтық органдарының,
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктерi
   әкiмдерiнiң алқаларында,
   жедел мәжiлiстерiнде 

   кәсiпорындардың, мекемелердiң                        тоқсан сайын
   өндiрiстiк мәжiлiстерiнде 

47.Жалпыға бiрдей құқықтық оқуға    Әдiлет министрлiгi
   әдiстемелiк басшылық             және әдiлет
                                    басқармалары
48.Министрлiктердегi, мемлекеттiк   Бұл да сол           жоспар
   комитеттердегi,                                      бойынша
   ведомстволардағы, олардың                            кезеңмен
   аумақтық органдарындағы,
   әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер
   әкiмдерiнiң аппараттарындағы,
   кәсiпорындар мен
   мекемелердегi жалпыға бiрдей
   құқықтық оқудың жай-күйiн
   зерттеу және оны жақсарту
   жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы        
Үкiметiнiң              
1996 жылғы 13 мамырдағы        
N 591 қаулысымен           
Бекiтiлген               

          Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң,
  ведомстволардың басшы қызметкерлерiн, облыстардың, Алматы
  қаласы әкiмдерi және олардың орынбасарларын, Қазақстан
     Республикасы Үкiметi Аппаратының бөлiм меңгерушiлерiн
         және басқа да қызметкерлерiн аттестациядан өткiзу
                 үшiн аттестациялық комиссияның
                             ҚҰРАМЫ  

     Шайкенов Н.А.       - Қазақстан Республикасы
                           Премьер-Министрiнiң орынбасары, төраға
     Тимкин М.И.         - Қазақстан Республикасы Президентi
                           Әкiмшiлiгi Басшысының орынбасары,
                           төрағаның орынбасары (келiсiмiмен)
     Шуткин С.И.         - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                           Аппаратының Басшысы (төрағаның
                           орынбасары) 

                  Комиссия мүшелерi: 

     Абайдiлдинов Т.М.   - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк
                           Ұлттық университетiнiң еңбек құқығы
                           және азаматтық процесс кафедрасының
                           меңгерушiсi, заң ғылымдарының
                           кандидаты
     Басин Ю.Г.          - Қазақ Мемлекеттiк заң институтының
                           профессоры, заң ғылымдарының докторы
     Белоруков К.В.      - Қазақстан Республикасының Президентi
                           Әкiмшiлiгi Заңдылықты, құқық тәртiбiн
                           және сот реформасын қамтамасыз ету
                           бөлiмi меңгерушiсi (келiсiмiмен)
     Мұхаметжанов Б.А.   - Қазақстан Республикасы Үкiметi
                           Аппараты Заң бастамашылығы және
                           құқықтық сараптама бөлiмi
                           меңгерушiсiнiң орынбасары
     Рогов И.И.          - Қазақстан Республикасы Президентiнiң
                           көмекшiсi, заң ғылымдарының кандидаты
                           (келiсiмiмен)
     Сүлейменов М.Қ.     - Қазақ мемлекеттiк заң институты
                           ғылыми-зерттеу орталығының директоры,
                           Ғылым академиясының корреспондент-мүшесi
     Елубаев Ж.С.        - Қазақстан Республикасы Бас прокурорының
                           орынбасары(келiсiмiмен) 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады