Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысына өзгерту енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 мамырдағы N 640

      Қаржы-экономикалық сауықтыру мен төлем жасау қабiлеттiлiгiн қалпына келтiру перспективасының болуына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Дәрменсiз кәсiпорындарды санациялау мен тарату жөнiндегi ведомствоаралық комиссиясының 1996 жылғы 21 наурыздағы шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындарды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне беру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 мамырдағы N 656 қаулысының қосымшасына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж.,

N 17, 194-бап) мынадай өзгерту енгiзiлсiн:
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне берiлген
төлем жасауға қабiлетсiз кәсiпорындардың тiзбесiнен:
     Батыс Қазақстан облысының "Металлист" Орал зауыты" АҚ
шығарылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады