1. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне, Өнеркәсiп және сауда министрлiгiне, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiне, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы арасындағы 2000 жылға дейiнгi Экономикалық интеграция бағдарламасының орындалу барысына талдау жасау жүктелсiн. Экономикалық дамудың өзгерiп отырған жағдайларын, ынтымақтастықтың кеңейе түсуiн ескере отырып Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiне 1996 жылғы 5 маусымға дейiн неғұрлым тиiмдi интеграциялық жобалар пысықталып, енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Әдiлет министрлiгi, Кеден комитетi Кеден одағы туралы келiсiмнiң қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан Республикасының кеден заңдарын үйлестiру жөнiндегi жұмысты жалғастырсын.
2. Аймақтық экономикалық интеграция проблемаларын жан-жақты зерделеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының мемлекеттiк емес құрылымдарының, шетелдiк компаниялар мен банктердiң инвестицияларын тарту мақсатында 1996 жылдың екiншi тоқсанында Алматы қаласында семинар-көрме өткiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Өнеркәсiп және сауда министрлiгi мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де орталық атқарушы органдармен бiрлесiп iс-шаралар жоспарын әзiрлесiн әрi семинар-көрменiң өткiзiлетiн күнiн белгiлесiн.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1996 жылдың iшiнде бюджетте көзделген қаражат шегiнде Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң жарғылық қорын түзу үшiн жарна сомасын аударатын болсын;
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi табыс еткен шығыстар сметасына сәйкес 1996 жылғы 1 шiлдеге дейiн бiтiмгершiлiк батальонын уақтылы және сапалы материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшiн қолайлы жағдайлар туғызу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды жүзеге асырсын.
4. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi, Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Қазақстан Республикасының баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Су ресурстары жөнiндегi iс комитетi отын-энергетикалық және су ресурстарын пайдаланудағы ортақ мүдделердi ескере отырып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Қырғыз Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы отын-энергетикалық және су ресурстарын пайдалану, Орталық Азия аймағында газ құбырларын салу, оларды пайдалану туралы Келiсiмнiң орындалуын қамтамасыз ету мақсатында:
1996 жылғы 25 маусымға дейiн Орталық Азия мемлекеттерiнiң отын-энергетикалық кешенi саласындағы экономикалық тұрғыдан негiзделген электр қуатын, газ, көмiр және мұнай өнiмдерiн Сырдария өзенi бассейнінiң су ресурстарын жер суландыру мақсатында неғұрлым тиiмдi пайдаланумен ұштастыра отырып өзара берiп тұруды ескеретiн ынтымақтастық бағдарламасын әзiрлейтiн болсын;
Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының отын-энергетикалық кешенiнде баға және тариф саясатын жуықтастыру, сондай-ақ отын-энергетикалық ресурстардың сыртқы нарығына қатысты ортақ стратегияны қалыптастыру жөнiндегi мәселелердi шешудi қарастырсын;
су қоймалары каскадтарында, электр станциялары мен жүйеаралық электр тарату желiлерiндегi авариялық жағдайлар туралы ақпарат пен авариялық жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөнiндегi өзара iс-қимылдар тәртiбiн әзiрлесiн;
авариялық жағдайларда пайдалану және жөндеу мұқтаждары үшiн, қатысушы мемлекеттердiң отын-энергетикалық және су шаруашылығы жүйелерiнiң кәсiпорындары үшiн қосалқы бөлшектердi, құрал-жабдықтарды, құрылыс конструкцияларын кедергiсiз және баж салығынсыз өзара әкету туралы ұсыныстар даярласын;
Нарын-Сырдария су қоймалары каскадының ұзақ мерзiмдi (жетi және одан да көп) жұмыс режимi туралы жобаны, электр қуатын өзара берiп тұру графигiн, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердiң аумақтары арқылы су тасымалдау жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлесiн;
республикалық су шаруашылығы объектiлерiн пайдалануға және жөндеуге жұмсалатын шығыстарды қаржыландыруға үлестiк қатысудың принциптерi мен тәртiбiн, сондай-ақ Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының тиiстi органдарымен келiсе отырып, барлық тараптар бекiткен энергия ресурстарын берiп тұру графигi мен су қоймалары каскадының жұмыс режимдерiн сақтамағаны немесе олармен келiсiлмеген өзгерiстердi енгiзгенi үшiн өзара жауапкершiлiк тәртiбiн әзiрлесiн;
Қазақстан Республикасының оңтүстiк облыстарын газбен жабдықтауды тұрақтандыру мақсатында Жамбыл қаласындағы КС-5 компрессор станциясы 1996 жылғы 1 қазанға дейiн қайта жаңартуды аяқтасын.
5. Есiрткiге бақылау жасау жөнiндегi мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк тергеу комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Кеден комитетiмен, Денсаулық сақтау министрлiгiмен, Бас Прокуратурасымен келiсе отырып 1996 жылғы 7 маусымға дейiн ведомствоаралық жұмыс тобын құрсын және 1996 жылғы 20 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi және Өзбекстан Республикасының Үкiметi арасындағы есiрткi құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына және оларды шектен тыс қолдануға қарсы күрестегi ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң орындалуы жөнiнде нақты iс-шараларды әзiрлесiн.
6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi қатысушы мемлекеттер арасында көлiк және коммуникациялар саласында келiсiлген саясат жүргiзiлуiн қамтамасыз етсiн.
7. Қазақстан Республикасының Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiмен ынтымақтастық жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1996 жылғы 5 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қырғыз Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасында қол қойылған:
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының БҰҰ аясындағы бiтiмгершiлiк операцияларында пайдалануға арналған бiтiмгершiлiк батальонын материалдық-техникалық қамтамасыз ету туралы;
жердi 1996-2000 жылдарға республикааралық жалға беру туралы;
шекарадан тыс әсер жасайтын тау жыныстарының қалдықтарын сақтау алаңдары мен үймелерiн қалпына келтiру жөнiндегi бiрлескен жұмыстар туралы Келiсiмдердiң;
"Орталыққазэлектрон" трансұлттық өнеркәсiп тобын құру туралы хаттамалық Шешiмнiң орындалуы жөнiнде қажеттi шаралар қолдансын.
8. Қазақстан Республикасының, қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Премьер-Министрлерiнiң Кеңесiнiң:
Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Мемлекетаралық Кеңесiнiң Атқарушы комитетiндегi қатысушы мемлекеттiң Өкiлеттi өкiлi туралы ереженi бекiткенi;
қатысушы мемлекеттердiң экономикалық интеграциясы, ұлттық экономикалары дамуының басым бағыттарын болжамдау проблемалары бойынша жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар өткiзу жөнiнде ұйымдастыру комитетiн құрғаны;
Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрлерi Кеңесiнiң кезектi отырысын Алматы қаласында 1996 жылғы тамызға тағайындағандығы назарға алынсын.
1996 жылғы 20 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк комитеттерi мен өзге де орталық атқарушы органдары Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасы мен Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрлерi Кеңесiнiң кезектi
отырысының күн тәртiбi мен материалдарының жобалары жөнiнде ұсыныстар даярлап, енгiзетiн болсын. 9. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Есенғаринге жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi