1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiнiң энергиямен жабдықтаушы кәсiпорындар бойынша 1996 жылдың 1 мамырында қалыптасқан бюджетке төлемдер жөнiндегi мезгiлiнде төленбеген салықтың өтеу мерзiмiн 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартсын.
Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясына 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн, бюджетке төлемдер бойынша мезгiлiнде төленбеген салықтың әрбiр кәсiпорнының өтеу кестесiн ұсынсын.
Кәсiпорындар мезгiлiнде төленбеген салықты өтеу кестесiн бұзған және бюджетке ағымдағы төлемдердi уақтылы төлемеген жағдайда берешектердiң жалпы сомасын өндiрiп алу, жалпы белгiленген тәртiппен жүргiзiледi делiнсiн.
2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң 1994 жылы тұтынған электр энергиясы үшiн энергиямен жабдықтаушы кәсiпорындар алдындағы берешегiн өтеуге тиiстi мұрсатын берсiн және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне қажеттi ақпаратты ұсынсын.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне энергиямен жабдықтаушы ұйымдар алдындағы жергiлiктi бюджеттерден берешектердi өтеу кестесiн табыс етсiн.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға электр қуатын сөндiруге жол беруге болмайтын ауруханалар, мектептер, балалар бақшалары, үздiксiз циклмен жұмыс iстейтiн кәсiпорындар мен басқа да ұйымдарды қоспағанда төленбеген берешектi өтеу кестесiн орындамаған және ағымдағы төлемдерiн төлемеген бюджеттегi ұйымдарды жылу және электр қуаты көздерiнен үзуге рұқсат етiлсiн.
4. Облыс әкiмдерi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен бiрлесiп электр энергиясын пайдаланғаны үшiн берешегi бар таратылған және қайта құрылған ауыл шаруашылығы кәсiпорындары бойынша құқықтық мұрагерлерiн айқындасын және қарыздардың құрылымына өзгерту жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне тиiстi ақпарат ұсынсын.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгiне Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға ауылшаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң қарыздарын сатуды дисконтысы аукциондық негiзде жүзеге асыруына рұқсат етiлсiн.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен
Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi бiр ай мезгiлде 1996 жылы электр энергиясы үшiн қалыптасқан берешектiң өсуiне және жоюға жол бермеу жөнiндегi шараларды әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi