Конверсияланатын қуаттарда мұнайгаз өндiрiлетiн сала мен су тазартуға арналған жабдық жасап шығару жөнiнде бiрлескен кәсiпорын ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 маусым N 684

      Қазақстан Республикасы экономикасының мұнайгаз саласын импорттың орнын басатын жабдықпен қамтамасыз ету, мұнайгаз ресурстарын кешендi игеру мен ұқсатуға арналған жаңа технологияларды тарту, "Зенит" Орал зауыты" акционерлiк қоғамының конверсияланып жатқан қуаттарын жұмыспен қамту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Орал қаласында "ПЕПЕ Интернэшнл ИНК." америка компаниясымен бiрлесiп мұнай мен газды тасымалдауға әзiрлеуге арналған жабдық, сондай-ақ мұнайгаз өңдеу және су тазарту жабдығын шығару жөнiнде өндiрiс құру мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi жанындағы Қорғаныс өнеркәсiбi жөнiндегi комитетпен бiрлесiп құрылып жатқан кәсiпорындағы Қазақстан жағының мемлекеттiк үлесiнiң құрамы мен мөлшерiн белгiленген тәртiппен айқындасын.
      3. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi "Мұнай туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығының 41-бабына сәйкес Қазақстан аумағында мұнай мен газды барлаумен, өндiрумен, тасымалдаумен, сақтаумен және ұқсатумен байланысты қызметтi жүзеге асыратын компанияларға американ-қазақстан бiрлескен өндiрiсiнiң мұнайгаз жабдықтарын олар бәсекелестiк

қабiлетi болып, халықаралық стандарттарға сәйкес келген жағдайда
басымдықта сатып алу ұсынылсын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң
орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады