1996-1998 жылдарға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимыл бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, Ұлттық Банкiнiң, Кеден комитетiнiң бөлiмшелерiне қызмет көрсету және төлем жүйелерiн жақсарту үшiн банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар жүйесiн құруды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мен мемлекеттiк Бюджеттiк банкiнiң қолданылып жүрген заңға сәйкес "БанкНет" Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамын құруы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi байланыс каналдарын "БанкНет" Банкаралық және қаржылық телекоммуникациялар орталығы" акционерлiк қоғамына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар үшiн көзделген шарттар бойынша жалға берсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi