1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамы акцияларының 60 процентiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Dalex Trading Limited" компаниясының сатуы үшiн беретiн
болсын. 2. "Шығыс Қазақстан мыс-химия комбинаты" акционерлiк қоғамының акциялары мемлекеттiк пакетiнiң сатылмаған бөлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қалдырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi