Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарын әзiрлеу бойынша жұмыс тобын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 11 маусым N 726

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары мен жоғары және үкiметаралық деңгейлердегi кездесулер мен келiссөздер барысында қол жеткен уағдаластықтарды iске асыру мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 9 сәуiрдегi N 2940 U962940_ Жарлығын және Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы Келiсiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi

қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей
Федерациясы, Тәжiкстан Республикасы және Қытай Халық Республикасы
арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту туралы
Келiсiмдi жүзеге асыру жөнiндегi шаралар жоспарын әзiрлеу бойынша
мына құрамда жұмыс тобы құрылсын:

     Дәненов Н.Ж.         - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                            министрiнiң бiрiншi орынбасары,
                            жұмыс тобының жетекшiсi
     Шәкiров А.О.         - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                            министрiнiң орынбасары, жұмыс тобы
                            жетекшiсiнiң орынбасары

                Жұмыс тобының мүшелерi:

     Жолжақсынов Т.Б.     - Семей облысы әкiмi аппаратының
                            ұйымдастыру және кадр жұмысы бөлiмi
                            меңгерушiсiнiң орынбасары
     Забелин Ю.В.         - Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң
                            орынбасары
     Қуанғалиев Ж.С.      - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                            министрлiгi жанындағы қару жарақты
                            қысқартуға бақылау жасау және
                            инспекциялық қызметтi қамтамасыз ету
                            жөнiндегi орталықтың бастығы
     Казанцев А.В.        - Талдықорған облысы әкiмi аппаратының
                            мемлекеттiк құқықтық бөлiмiнiң
                            меңгерушiсi
     Мочалкин Е.П.        - Алматы облысы әкiмiнiң орынбасары
     Проничев С.Е.        - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                            шекараны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк
                            комитетiнiң офицерi
     Өмiрзақов П.К.       - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
                            министрлiгiнiң шарттық-құқықтық бас
                            басқармасының бiрiншi хатшысы
     Фролов Б.В.          - Қазақстан Республикасы Қорғаныс
                            министрлiгi шарт және сыртқы байланыс
                            басқарма бастығының орынбасары



      2. Жұмысшы тобына қажет болған жағдайда Қарулы Күштердi өзара қысқарту мен қазақ-қытай шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту мәселесi жөнiндегi келiссөздердi одан әрi жүргiзу тапсырылсын.
      3. "Қытай Халық Республикасымен Қарулы Күштердi өзара қысқарту

мен қазақ-қытай шекара ауданында әскери саладағы сенiмдi нығайту
жөнiндегi келiссөздер туралы және шекаралық мәселелер бойынша
келiссөздер туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1992 жылғы 17 шiлдедегi N 607 қаулысының 2-тармағының 2-абзацының
күшi жойылған деп саналсын.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
          орынбасары 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады