1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi белгiленген заң тәртiбiмен "Маңғыстаумұнай" акционерлiк қоғамының "Қаламқас" мұнай-газ өндiретiн басқармасының (МГӨБ) мүлкiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес, Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық мүдделерiн ескере отырып, МГӨБ мүлiктiк кешенiн жабдық тендерде сатуды жүзеге асырсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Премьер-Министрдiң орынбасары Г.Г.Штойкке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi