Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнiң мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 14 маусым N 737

      "Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 19 сәуiрдегi N 2956 U962956_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Үстiмiздегi жылдың аяғына дейiн республикалық бюджетте орталық және жергiлiктi атқарушы органдары қаржыландыруға арналып 1996 жылға көзделген қаражат есебiнен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiн ұстауға арналған шектi шығыстар 55528 000 (елу бес миллион бес жүз жиырма сегiз мың) теңге, оның iшiнде iссапар шығыстары 6114 млн (алты миллион жүз он төрт

мың) теңге сомасында бекiтiлсiн.
     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Республикалық
бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiн ұстауға
арналған шығыстардың қаржыландырылуын қамтамасыз етсiн.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады