Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн ғимараттарды жобалауға және салуға арналған тендерлер өткiзу жөнiндегi Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 815. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.03. N 1056 қаулысымен. ~Р971056

      Жаңа астананы - Ақмола қаласын және оның ықпал аймақтарын ұтымды және тиiмдi салуға жағдай жасау, жұмыстарды қысқа мерзiмде сапалы орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн ғимараттарды жобалауға және салуға арналған тендерлер өткiзу жөнiндегi ұсынылып отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аймақтарда құрылыс салу министрлiгi Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң және Қаржы министрлiгiнiң келiсiмi бойынша мүдделi министрлiктер мен мемлекеттiк комитеттердiң қатысуымен бiр ай мерзiм iшiнде Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында ғимараттар мен құрылыстар салу жөнінде шетелдiк фирмалармен контрактiлер жасасу туралы Ереженiң жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
      3. Тендер жеңiмпазы екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарды құрылыс салу министрлiгiнiң Мемлекеттiк ведомстводан тыс сараптамасына сәулеткерлiк-жоспарламалық және техникалық шешiмдерiн қарау үшiн техникалық-экономикалық негiздеменi /жобаны/ ұсынатын болып белгiленсiн.
      4. Осы қаулының күшi қолданылмайтын объектiлер бойынша тендерлер

 

мен саудаластық өткiзген кезде тапсырыс берушiлер мен құрылыс

салушылар Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен

Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi бекiткен

және Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өткен

1994 жылғы 7 қазанда N 01-1735/15 және N ФГ-18-21-1845 Құрылыста

мердiгерлiк конкурстар мен саудаластықты /тендерлердi/ дайындау мен

оны өткiзу жөнiндегi Уақытша ережеде белгiленген тәртiптi басшылыққа

алуы қажет.


     Қазақстан Республикасы

      Премьер-Министрiнiң

          орынбасары


                                       Қазақстан Республикасы

                                            Үкiметiнiң

                                      1996 жылғы 28 маусымдағы

                                          N 815 қаулысымен

                                             бекiтiлген


          Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында жоғары

          және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн

           ғимараттарды жобалау мен салуға арналған тендерлер

                            өткiзу жөнiндегi

                                 ЕРЕЖЕ


                           1. Жалпы ережелер



 
       1. Ақмола қаласында және оның ықпал аймақтарында жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн ғимараттарды жобалау мен салу жөнiндегi жұмыстарды орындау құқығы тек қана тендерлiк негiзде көзделiнедi.
      2. Тендерлердi:
      жоғары мемлекеттiк органдарды орналастыру үшiн ғимараттар мен құрылыстар бойынша - Қазақстан Республикасының Үкiметi;
      орталық мемлекеттiк органдарға арналған ғимараттар мен құрылыстар бойынша - комиссияның құрамына Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң, Жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемлекеттiк

 

комиссияның, жергiлiктi сәулеткерлiк органдардың, қаржыландырушы

банктiң өкiлдерiн мiндеттi түрде енгiзе отырып, министрлiктер мен

тапсырыс берушi комитеттер тағайындаған тендерлiк комиссиялар

өткiзедi.

     Тендерлiк комиссиялардың қажет болған жағдайда сарапшылар мен

консультанттарды жұмысқа тартуға құқы бар.

     3. Тендердiң мәнi:

     жобалау-iздестiру жұмыстарын;

     ғимараттар мен құрылыстар салуды;

     ғимараттар мен құрылыстарды жобалауды және салуды;

     күрделi және бiрегей жабдықтар жасауды, берiп тұруды және

шеф-монтаждауды;

     мердiгерлiк және қосымша мердiгерлiк жұмыстардың басқа да

түрлерiн орындаушыны айқындау болып табылады.


 
       "Құрылыс" сөзi - ғимараттар мен құрылыстарды "жаңадан салу", "кеңейту", "қайта жаңарту" және "күрделi жөндеу" дегендi бiлдiредi.
      4. Шетелдiк процедуралық-келiсiмдiк немесе байланыстық займдар мен кредиттерi қаржыландырудың көзi ретiнде тартқан жағдайда тендерлер займ берушiлер немесе кредиторлар белгiлеген тәртiп пен шарттарға сәйкес өткiзiледi.
 
                    ТЕНДЕРЛЕРДI ҰЙЫМДАСТЫРУ
 
      5. Тапсырыс берушi - құрылыс салушы ақылы негiзде тендер ұйымдастыруды және тендерлiк комиссияның жұмысын қамтамасыз етедi.
      6. Жоғары мемлекеттiк органдардың объектiлерi бойынша жабық тендерлер, ал орталық мемлекеттiк органдардың объектiлерi бойынша тапсырыс берушiнiң қалауы бойынша жабық және ашық тендерлер өткiзiледi.
      7. Жоғары мемлекеттiк органдардың объектiлерi бойынша тендерлердi өткiзу туралы шешiмдi Қазақстан Республикасының Үкiметi, ал орталық мемлекеттiк органдардың объектiлерi бойынша министрлiктер мен тапсырыс берушi-комитеттер қабылдайды.
      8. Тендердiң шарттары мен тендерлiк тапсырмалар дайындауды тапсырыс берушi жүзеге асырады және тендерлiк комиссия бекiтедi. Тендерлiк шарттарға:
      тендер тақырыбы, тендерлiк жұмыстың орындалу мерзiмi;
      мекен-жайы анық көрсетiлген тендерлiк құжаттарды ұсынатын жерi;
      тендерлiк құжаттары бағалау белгiсi /құны және құрылысты салудың ұзақтығы, үй-жайдың сәулеттiк бейнесi, құрылыстың сапасы және басқалар/ енедi.
      9. Тапсырыс берушi-ұйым әлеуеттi қатысушыларға мыналарды қамтитын тендерлiк шарттар, тендерлiк тапсырмалар жiбередi;
      қатысуға шақыруды;
      қатысушыларға арналған нұсқау /1-қосымша/;
      жобалауға арналған бастапқы деректер /инженерлiк-геологиялық iздестiрулердiң және топографиялық зерттеулердiң материалдары, қайта жаңарту мен күрделi жөндеу болған жағдайда - өлшем сызбалары, сондай-ақ сыртқы инженерлiк көздерге қосымша тартудың тәсiлдерi мен мүмкiндiктерi немесе жеке қондырғының құрылғысы туралы мәлiметтер/.
      10. Тендерге қатысушылар комиссияға қатысушының сауалнамасын /2-қосымша/, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтiк актiлерге жауап беретiн техникалық-экономикалық көрсеткiштер /жобасы, жұмыс жобасы/ ТЭН, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасындағы және АҚШ долларындағы келiсiм бағасының жобасын ұсынады.

 

     Шетелдiк қатысушылар үшiн құрылыс-монтаж жұмысы көлемiнiң кем

дегенде 30 процентiн орындауға қазақстандық құрылыс ұйымдарын

тартуға мiндеттi түрде шарт қойылады.


                     III. ТЕНДЕРЛЕРДI ӨТКIЗУ


     11. Қатысушы тендерлiк комиссия олар берген ұсыныстарды қараған

және тендерлiк комиссия тендерге қатысуға жiберу туралы шешiм

қабылдаған сәттен бастап тендерге қатысушы мәртебесiне ие болады.

     12. Тендерлiк комиссия:

     тендерлiк шарттар бұрмаланып жасалған;

     бәсекелестiктi шектеу мақсатында берiлген;


 
       қатысушылар банкрот болып жарияланған немесе өзiнiң бiлiктiлiгi, өндiрiстiк қуаттары мен қаржылық сенiмдiлiгi туралы жалған дерек дайындап берген;
      баға және орындау ұзақтығы бойынша балама ұсыныстарды қабылдамайды.
      13. Девизi бар конверттердi ашу кезiнде жабық тендердi өткiзген жағдайда жоғары ұйымдардың өкiлдерi немесе тапсырыс берушiнiң басшылары қатысады, қатысушыларға мұндай құқық берiлмейдi.
      Сонымен бiр мезгiлде ұсыныстары бар конверттердi аша отырып хаттама жасалады, онда тендердiң объектiсi бойынша тендерге қатысушылардың саны, олар ұсынған техникалық-экономикалық көрсеткiштер көрсетiледi.
      14. Ұсыныстарды бағалауға және таңдауға қатысу құқығы тек тендерлiк комиссияның мүшелерiне ғана берiледi.
      15. Тендерлiк комиссия ұсыныстарға баға беру кезiнде мынадай факторларды /объектiнiң мақсатына қарай маңыздылығы жөнiнде/:
      ұсыныстардың техникалық деңгейiн;
      инвестициялардың есеп айырысу көлемi мен пайдалану шығындарын;
      төлемдердiң ұсынылған шарттарын;
      басқа да коммерциялық, техникалық және ұйымдастыру ұсыныстарын ескередi.
      16. Тендерлiк комиссия ұсыныстарды бағалауды ұсыныстар көрсеткiштерiнiң қарапайым немесе баллдық бағалау әдiсiмен жүзеге асырады.
      17. Жеңiмпаздарды таңдау тендерлiк комиссия мүшелерi санының 2/3-i қатысқан жағдайда қарапайым көпшiлiк дауыспен жүзеге асырылады.
      18. Қабылданған тендерлiк құжаттар бойынша ұсыныстарды қарау

 

қорытындысы тендерлiк комиссияның хаттамасымен ресiмделедi.

     19. Тендерлiк комиссияның хаттамасын осы комиссияны тағайындаған

орган бекiтедi және тендердiң өткiзiлгенi мен оның жеңiмпазы туралы

бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

     20. Егер:

     бiрде-бiр ұсыныс түспеген немесе барлық түскен ұсыныстар

тендердiң шарттарына сәйкес келмеген;

     тек бiр ғана ұсыныс түскен;

     тендер өткiзудiң негiзi өз күшiн жойған жағдайда, тапсырыс

берушi тендер өткiзудi кейiнге қалдыруы мүмкiн.


                                                   1-қосымша


              Тендерге қатысушыларға арналған нұсқау*


     Ескерту:


тендерлiк комиссия толтырады және тендерге

қатысушыларға тартылады.


     1996 жылғы "__"__________               Алматы қаласы


                          1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР



 
       Нұсқау тендерлiк құжаттардың ажырағысыз бөлiгi болып табылады және ұсыныстарды жасау мен ұсынудың, сондай-ақ тендер өткiзудiң тәртiбiн айқындайды.
      Ұсыныстарды жасау кезiнде қатысушы Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары мен басқа да нормативтiк актiлерiн сақтауға мiндеттi.
      Қатысушы тендерге тендерлiк құжаттарға және Ереже құрамының

 

9-тармағында айқындалған осы нұсқауға сәйкес ұсыныс бередi.

     Ұйымның басшысы қол қойған және ______________________________

____________________ мекен-жайы бойынша мөр басып куәландырылған

ұсыныстар 3 дана етiп, орыс тiлiнде берiледi.

     Ұсыныстар жолдама хатпен бiрге желiмделген күйде /техникалық

және коммерциялық ұсыныс/, конвертiнiң сыртына тапсырыс берушiнiң

девизi мен мекен-жайы жазылып берiледi.

     Ұсыныстар тендердi ұйымдастырушының өкiлi берген қолхатпен пошта

немесе курьер арқылы қабылданады.

     Тендердiң шарттары бұзылып немесе одан ауытқи жасалған ұсыныстар

қарауға қабылданбайды немесе қабыл алынбайды.


                         2. ҰСЫНЫСТАР ҚҰРАМЫ


     Ұсынысқа тiркелген жолдама хат.

     Жобалау және салу жөнiндегi ұсыныс.

     Жобаның техникалық-экономикалық көрсеткiштерi жөнiндегi ұсыныс.


                        3. ҰСЫНЫСТАРДЫ ДАЯРЛАУ


     Қатысушы 199__ жылғы __________ бастап 199___ жылғы ___________

дейiн жобалауға /салуға/ арналған алаңмен танысуға тиiс.

     Объектiнiң техникалық және /немесе экономикалық көрсеткiштерiн,

өндiрiс жұмыстарын ұйымдастыруды жақсартатын тендерлiк құжаттардың

талаптарына қатысушылар берген өзгерiстер жеке балама ұсыныс түрiнде

ресiмделедi, олар негiзгi ұсыныстары болған жағдайда ғана дербес

жiберiледi және қаралады.


                             4. БАҒАЛАР


     Барлық бағалар Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен және

АҚШ долларымен белгiленедi.

     Қатысушы контрактiлiк бағаның ведомосын жасайды.

     Контрактiлiк баға ведомосынан қателер байқалған жағдайда:

     а) жазылып көрсетiлген қорытынды сома дұрыс дер саналатын болады;

     б) тендер ашылғаннан кейiн қатысушыға ұсыныстарға түзету

енгiзуге мүмкiндiк берiледi /берiлмейдi/.


                   5. ҚАТЫСУШЫНЫҢ КЕПIЛДIГI


     Қатысушы тендерлiк кепiлдiк туралы құжатты, сонымен бiр мерзiмде

ұсыныстар бере отырып, тендерлiк құжаттарды алатын мерзiмге дейiн

құрылыстың болжамдық құнынан 1 /бiр/ процент мөлшерiнде бередi.

     Кепiлдiк соманы Сiзге тендер жабылғаннан кейiнгi 100 күн iшiнде

тендерлiк комиссия қайтарады.

     Тендер жұмыс iстеп тұрған кезеңде Сiз ұсыныстарды қайтарып алған

немесе контракт жасаудан негiзсiз бас тартқан жағдайда кепiлдiк сома

қайтарылмайды.


                6. ТЕНДЕР ТУРАЛЫ ӨЗГЕ ДЕ АҚПАРАТТАР


     Ұсыныстарды берудiң шектi мерзiмi 199   жылдың _______________

     Ұсыныстарды қабылдаудың күндерi мен уақыты ___________________

     Тендердiң ашылу күнi мен уақыты ______________________________

     Тендердiң ашылатын жерi ______________________________________

     Ашық /жабық/ ұсыныстар бас конверттердi ашу рәсiмi.

     Ұсыныстарға баға беру мен оларды iрiктеу тендер ашылған күннен

бастап __________________ күн iшiнде жүргiзiледi.



                                                2-қосымша


                        Тендерге қатысушының

                 /құрылыс, өнеркәсiп ұйымдарының/

                            САУАЛНАМАСЫ


                         1. Жалпы деректер

___________________________________________________________________       

                                       |

|Толық заңды атауы|                                               |

|_________________|_______________________________________________|

___________________________________________________________________

|Заңды мәртебесi және|                  |Құрылған|                |

|меншiк түрi         |                  |жылы    |                |

|____________________|__________________|________|________________|

___________________________________________________________________

|Жоғары тұрған ведомство|                                         |

|  /отандықтар үшiн/    |                                         |

|_______________________|_________________________________________|


                           2. Мекен-жайы

___________________________________________________________________

| Елi               |                  |Қаласы      |             |

|___________________|__________________|____________|_____________|

___________________________________________________________________

|Пошталық мекен-жай |                 |             |             |

|___________________|_________________|_____________|_____________|

___________________________________________________________________

|Факс               |телекс          |телефон      |              |

|___________________|________________|_____________|______________|

___________________________________________________________________

|Банктiк реквизиттер|                                             |

|___________________|_____________________________________________|

___________________________________________________________________

|Жетекшiсi / Аты-жөнi |                                           |

|_____________________|___________________________________________|


       3. Қазақстан Республикасындағы өкiлеттiктiң мекен-жайы

___________________________________________________________________

|Заңды мәртебесi    |                |Құрылған жылы|              |

|___________________|________________|_____________|______________|

___________________________________________________________________

|Аймақ /облыс, аудан/|               |Елдi мекен   |              |

|____________________|_______________|_____________|______________|

___________________________________________________________________

|Көшесi|             |Үйi     |         |Индекс    |              |

|______|_____________|________|_________|__________|______________|

|Факс  |             |Телекс  |         |Телефон   |              |

|______|_____________|________|_________|__________|______________|

___________________________________________________________________

|Байланысатын тұлға /Аты-жөнi/|                                    |

|телефон мекен-жайы           |                                    |

|____________________________ |____________________________________|


                        4. Қызметiнiң түрi

___________________________________________________________________

|Саласы     |              |Қосымша сала   |                      |

|___________|______________|_______________|______________________|

___________________________________________________________________

|Құрылыс жұмыстарының түрлерi,|                                   |

|құрылыс материалдарын шығару |                                   |

|бойынша мамандандыру         |                                   |

|_____________________________|___________________________________|

___________________________________________________________________

|N қ/б           | Өнiмдердiң және қызмет көрсетулердiң түрлерi   |

|________________|________________________________________________|

|________________|________________________________________________|

|________________|________________________________________________|

|________________|________________________________________________|

|________________|________________________________________________|


___________________________________________________________________

|Қызмет түрлерi мен орналасқан|                                   |

|орны көрсетiлген өндiрiстiк  |                                   |

|бөлiмшелер                   |                                   |

|_____________________________|___________________________________|

___________________________________________________________________

|Өндiрiстiк байланыстар /құрылыс|                                 |

|материалдарын, конструкцияларды|                                 |

|және басқаларын негiзгi берiп  |                                 |

|тұрушылар/                     |                                 |

|_______________________________|_________________________________|

___________________________________________________________________

|Жылдық айналым |               |                                 |

|_______________|_______________|_________________________________|

___________________________________________________________________

|Ұсынымдар |                                                      |

|__________|______________________________________________________|

___________________________________________________________________

|Қазақстан Республикасы |         |Қазақстан Республика. |        |

|рыногындағы жұмыс      |         |сының рыногындағы     |        |

|тәжiрибесi /егер бар   |         |тауарлар мен қызмет   |        |

|болса/                 |         |көрсетулердiң берiлген|        |

|                       |         |көлемi                |        |

|_______________________|_________|______________________|________|

___________________________________________________________________

|Қазақстан Республикасындағы|                                     |

|негiзгi әрiптестер ынтымақ.|                                     |

|тастық түрлерi             |                                     |

|___________________________|_____________________________________|





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады