Қазақстан Халықтық Банкiнiң Жарғылық қоры мен iшкi регламентi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 28 маусым N 826

      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкiнiң 1995 жылдағы қызмет нәтижесiн қарап, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Халықтық Банкiнiң жарғылық қорын 762 514 000 теңгеге дейiн өсiру бекiтiлсiн және Қазақстан Халықтық Банкiнiң Жарғысына тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Халықтық Банкi қызметiнiң iшкi регламентi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      3. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      "Қазақстан Республикасының Халықтық банкi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 4 шiлдедегi N 916 P950916_ қаулысының 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 23, 264-бап);

     "Қазақстанның Бiрiккен банкi" мемлекеттiк банкiн құру туралы"
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы
N 1101  

P951101_

  қаулысы;
     "З.Х. Кәкiмжанов туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер
Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 тамыздағы N 1102 қаулысы.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
         орынбасары
                                  Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                 28 маусымдағы 1996 жылғы
                                    N 826 қаулысымен
                                      бекiтiлген

           Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi
                    қызметiнiң iшкi регламентi



      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ Банкi қызметiнiң iшкi регламентi (бұдан әрi - Регламент) "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 65-бабының 7-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Банктiң 100% акцияларының иесi болып табылатын кезеңдегi Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкi басқару органдарының қызмет тәртiбiн айқындайды.
      Банк акционерлерiнiң Жалпы жиналысының құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша шешiмдер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары түрiнде қабылданады.
      Осы Регламентке сәйкес Банктiң Байқаушы Кеңесiне Банк акционерлерi Жалпы жиналысының мына шешiмдердi қабылдау жөнiндегi функциялары жүктеледi:
      Банк Жарғысын өзгерту туралы;
      Жарғылық қор көлемiн өзгерту (ұлғайту немесе кемiту) туралы;
      Банктiң атқарушы органдарын, Тексеру комиссияларының мүшелерi мен аудиторды сайлау, сондай-ақ олардың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы;
      Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн атқарушы органдардың есептерi мен Тексеру комиссиясының қорытындыларын қарау туралы, пайданы бөлу мен шығындардың орнын жабу туралы;
      облигациялық заемдар шығарудың тәртiбi мен шарттары туралы.
      Банктiң Байқаушы Кеңесi Банк акционерлерi Жалпы жиналысының жоғарыда аталған функцияларын, сондай-ақ Банк Жарғысына сәйкес оған жүктелген функцияларды орындайды.
      Банктiң жылдық қызметiнiң нәтижелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады