Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1461 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 8 шiлде N 848. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.13. N 431 қаулысымен. ~P980431

      Қазақстандық кәсiпорындар өндiретiн және экспорттайтын шикiзат тауарларын жариялау және салық салу тәртiбiнiң кейбiр мәселелерiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Қазақстан Республикасынан экспортталатын шикiзат тауарларын кедендiк жариялау және оларға салық салу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 6 қарашадағы N 1461 P951461_ қаулысына (Қазақстан Рееспубликасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 35, 433-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасынан шығарылған шикiзат тауарлары Қазақстан Республикасының қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiнiң меншiгi болып табылатын қайта өңдеу өнiмдерiн (дайын өнiмдердi), кейiн оларды ТМД елдерiнен тысқары шығаратын етiп ТМД елдерiне өңдеу үшiн шығарған жағдайда, ТМД елдерiнен тысқары шығарылатын тауарлар экспорты үшiн қарастырылған Қазақстан Республикасының кедендiк режимiне жатады деп белгiленсiн";
      3-тармақтағы:
      төртiншi және бесiншi абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "кәсiпорын орналасқан жердегi салық органына қазақстандық кәсiпорынның шетелдiк фирмамен немесе Қазақстан Республикасының резидентi және ТМД елдерiнiң резидентi болып табылмайтын өзге де тұлғамен (бұдан әрi - шетелдiк сатып алушы) экспорттық контрактiнi толық көлемде беруi, онда соңғысының сатып алатын қайта өңдеу өнiмдерi (дайын өнiм) ТМД елдерiнен тысқары шығыруға арналғандығы көрсетiлуi тиiс;
      Қазақстан Республикасының қосылған құнға салынатын салық жөнiнде есепте тұрған салық төлеушiнiң өңделетiн өнiмдердi (дайын өнiмдердi) ТМД елдерiнен тысқары шығару жөнiндегi кедендiк жариялануының көшiрмесi";

     алтыншы абзац алынып тасталсын;
     жетiншi абзацтағы "қазақстан кәсiпорны" деген сөздер "Қазақстан
Республикасының қосылған құнға салынған салық жөнiнде есебiнде
тұрған салық төлеушi" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
           орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады