Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.04.23 N 381 Қаулысымен.
"Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының тұрақты жұмыс iстеуiн және болашақта дамуын, сондай-ақ инвестицияларды тартуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр апта мерзiмде "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн оның акциялары жалпы пакетiнiң 60 (алпыс) процентi мөлшерiнде "Ривер Интернэшнл С.А." басқарушы фирмасына (Швейцария) сату үшiн белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн.
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк акциялар пакетiнiң бiр бөлiгiн оның акциялары жалпы пакетiнiң 60 (алпыс) процентi мөлшерiнде "Ривер Интернэшнл С.А." басқарушы фирмасына (Швейцария) белгiленген заңмен тiкелей атаулы сатуды жүзеге асырсын.
3. "Ривер Интернэшнл С.А." фирмасы игерiлiп бiткен кен орындарын (объектiлердi) рекультивация жүргiзу және жоюға байланысты "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк қоғамының оның басқарылуына берiлген сәттен бастап туындаған көлемдегi табиғат қорғау шараларын жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге жауапкершiлiкте болады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi екi ай мерзiмде қоршаған ортаны ластағаны үшiн төленетiн мiндеттi төлемдер мөлшерiн, сондай-ақ "Ащысай полиметалл комбинаты" акционерлiк басқаруына бергенге дейiн туындаған, игелiрiлiп бiткен кен орындарын (объектiлердi) рекультивация жүргiзу және жою жөнiндегi жұмыстардың көлемi мен шығындарды анықтасын.
5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару
жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
"Ривер Интернэшнл С.А." фирмасына "Түркiстан Тау Темiр жолы"
акционерлiк қоғамы мемлекеттiк акциялар пакетiне оның жарғылық
қорының 39 процентi мөлшерiнде иелiк ету, пайдалану және басқару
құқығын берсiн;
"Ривер Интернэшнл С.А." фирмасымен "Ащысай полиметалл
комбинаты" акционерлiк қоғамын басқару құқығына бұған дейiн жасалған
контрактiге тиiстi өзгертулер енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары