Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi қызметiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 232-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "Медетшi банкiне Басқарма төрағасының бiр бiрiншi орынбасары және екi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн"; аталған қаулының қосымшасына: Қазақстан Республикасының мемлекеттiк медетшi банкi Кеңесiнiң құрамына: Тәжияқов Б.Ш. - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының бiрiншi орынбасары Кетебаев М.К. - Қазақстан Республикасы Экономика министрiнiң орынбасары Имашев Б.М. - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi төрағасының орынбасары - Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiктiң директоры енгiзiлсiн. О.Ә. Жандосов, Қ.М. Смағұлов, А.М. Шоқпытов аталған құрамнан шығарылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 8 маусымдағы N 800 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы
ЖаңаҚазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 шiлде N 913
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз