Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына өзгертулер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 22 шiлде N 920. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiнде саудаластық өткiзуге байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi: 
      1. "Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы  N 562 қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы., 1996 ж., N 19, 166-бап) бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi ережеге мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      4-тармақтың екiншi абзацында: 
      "үшiншi" деген сөз "екiншi" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң 1996 жылғы 22 ақпандағы  N 60 қаулысымен (Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 1996 жылғы 11 наурыздағы тiркелу N 158) бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiн сату бойынша аукциондар ұйымдастыру мен өткiзу туралы ережеге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өз құзыретi шегiнде қабылдаған саудаластықта жекешелендiру объектiлерiн сатуды реттейтiн нормативтiк актiлерге" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      6-тармақтағы "тәуелсiз аудиттiң" деген сөздердiң алдына "консалтингтiк ұйымдар немесе" деген сөздер қосылсын; 
      "Аукционда сату кезiнде шаруашылық серiктестерiнiң жарғылық қорларындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерi және үлестерiн бағалау" деген III бөлiмде: 
      атауындағы "және үлестерiн" деген сөздер алынып тасталсын және "Аукционда" деген сөз "Саудаластықта" деген сөзбен ауыстырылсын; 
      1-2-бөлiмшелердiң атауларындағы "(үлесiнiң)" және "үлесi" деген сөздер алынып тасталсын; 
      11-тармақтың төртiншi абзацындағы, 14-тармақтың бесiншi абзацындағы  және 26-тармақтың сегiзiншi абзацындағы "негiзгi 
қорлардың тозуын алып тастағандағы" деген сөздер алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiм iшiнде шаруашылық серiктестерiнiң үлесiн бағалау әдiстемесiн әзiрлесiн және Жекешелендiрiлетiн объектiлердiң құнын бағалау жөнiндегi ережеге толықтыру енгiзсiн.

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады