С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттiк медицина институтын С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетi етiп қайта құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 7 тамыздағы N 978

      Жаңа негiзде медицина кадрларын сапалы даярлау жүйелерiн жетiлдiру мен дамыту мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен "Бiлiм беру туралы", "Жоғары бiлiм беру туралы" және "Қазақстан Республикасында халық денсаулығын сақтау туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес, алдыңғы қатарлы шет ел тәжiрибелерiн ескерiп және Қазақстан Республикасы жоғары бiлiмiнiң бекiтiлген тұжырымдамасы мен жалпы бiлiм беру стандартына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. С.Д.Асфендияров атындағы Алматы мемлекеттiк медицина институты 1996 жылға бөлiнген қаражат шегiнде қолданылып жүрген қаржыландыру тәртiбi сақтала отырып, С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетi болып қайта құрылсын.
      2. Жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетiнiң құрамына Қазақ дәрiгерлер бiлiмiн жетiлдiру институты, Республикалық орта медициналық және фармацептикалық қызметкерлердi даярлау және қайта даярлау медицина колледжi, Алматы қалалық медицина колледжi, Талғар медицина колледжi және Талдықорған медицина колледжi енгiзiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм министрлiгi жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетiнiң құрылымын, мамандықтар тiзбесiн, профессор-оқытушы құрамының санын айқындасын және оның Жарғысын белгiленген тәртiппен бекiтсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi Алматы қаласы мен Алматы облысының әкiмдерiмен бiрлесiп жаңадан құрылған С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетiнiң клиникалық және оқу базаларының тiзбесiн айқындасын.
      5. Алматы қаласының әкiмi С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiнiң материалдық-техникалық базасын одан әрi нығайту және студенттер мен профессор-оқытушы құрамның әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын жақсарту жөнiнде шаралар көздесiн.
      6. С.Д.Асфендияров атындағы Қазақ мемлекеттiк медицина университетiнiң басшылығы оқу жоспары мен бөлiмшелерiнiң құрылымын оларды оңтайландыруды ескере отырып қайта қарасын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады