Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ оларды өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 тамыз N 1025

      Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн енгiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу мен енгiзудiң Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi ұсынған жоспар кестесi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен, Қорғаныс министрлiгiмен, Ғылым министрлiгi - ғылым академиясымен, Кеден комитетiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен бiрлесiп жоспар-кестеде көзделген шаралардың орындалуын қамтамасыз етсiн.
      3. Қару-жарақты, әскери техниканы, сондай-ақ олардың өндiруге байланысты шикiзатты, материалдарды, жабдықтарды, технологиялар мен қызмет көрсетулердi экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу мен енгiзу жөнiндегi жоспар-кестеде көзделген жұмыстарды үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 23 сәуiрдегi N 188 өкiмiмен құрылған жұмыс тобына жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi техникалық жобаны енгiзу жөнiндегi жұмыс тобымен бiрлесiп, экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн әзiрлеу мен iске қосу жөнiндегi бас мердiгердi белгiлесiп, онымен тиiстi шарт жасассын.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң жобасын қалыптастыру кезiнде экспорттық бақылау жүйесiн әзiрлеу мен оны iске қосуға, сондай-ақ бағдарламалық қамтамасыз етудi әзiрлеу мен жайластыруға 10 миллион теңге сомасында қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Сыртқы iстер министрлiгiмен бiрлесiп үстiмiздегi жылдың шiлдесiнде Америка Құрама Штаттарының Сауда министрлiгiмен экспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесiне арналған техникалық құралдарды жөнелту мен жүйелi бағдарламалық қамтамасыз етудi беру кестесiн келiсетiн болсын.
      7. АҚШ-тан келетiн жабдықтар үшiн, техникалық және жүйелi бағдарламалық құралдар үшiн, сондай-ақ мамандарды оқыту үшiн кеден баждары мен алымдарын қоса алғанда, салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер төлеу континентаралық баллистикалық ракеталардың шахталық ұшыру қондырғыларын жоюға, апат жағдайы зардаптарын жоюға және ядролық қарудың таралуына жол бермеуге қатысты Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары арасындағы 1993 жылғы 13 желтоқсандағы Келiсiмнiң 9-бабына сәйкес, "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Заң күшi бар Жарлығының /Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы,

1995 ж., N 6, 43-құжат/ 1-бабы 3-тармағының, "Қазақстан
Республикасындағы Кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы
Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Заң күшi бар Жарлығының
/Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., N 13/
6-бабының негiзiнде жүзеге асырылады.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 19 тамыздағы
                                          N 1025 қаулысымен
                                             бекiтiлген

          Қару-жараққа, әскери техникаға, сондай-ақ олардың
           өндiрiсiмен байланысты шикiзатқа, материалдарға,
         технологиялар мен қызметтерге жасалатын экспорттық
               бақылаудың автоматтандырылған жүйесiн
                       әзiрлеу мен енгiзудiң
                          ЖОСПАР-КЕСТЕСI
____________________________________________________________________
Рет|                                      | Орындалу |
N/N|             Шаралар                  |мерзiмдерi| Орындаушылар
   |                                      |          |
___|______________________________________|__________|______________
 1 |                   2                  |    3     |      4
___|______________________________________|__________|______________

 1.  Экспорттық бақылаудың автоматтанды.      1996    Қазақстан Рес.
     рылған жүйесiнiң әзiрленуi мен iске     жылдың   публикасының
     қосылуын қамтамасыз ететiн орындаушы    тамызы   Өнеркәсiпсауда.
     кәсiпорынды iрiктеу                              минi, жұмыс
                                                      тобы
 2.  Ұйымдастыру кестесiн, қаржыландыру.       -"-    Орындаушы,
     дың көлемi мен тәртiбiн, экспорттық              жұмыс тобы
     бақылаудың автоматтандырылған жүйе.
     сiмен қамтылатын номенклатураның
     тiзбесiн әзiрлеу
     Экспорттық бақылаудың автоматтан.
     дырылған жүйесi қондырылатын
     министрлiктер мен мемлекеттiк
     комитеттердiң тiзбесiн айқындау
 3.  Экспорттық бақылаудың автоматтан.        -"-      Бұл да сол
     дырылған жүйесiне қойылатын негiзгi
     талаптарды, сынақ бағдарламалары
     мен әдiстемелерiн әзiрлеу
 4.  Экспорттық бақылау жүйесiне қатысушы      -"-      Бұл да сол
     министрлiктер мен мемлекеттiк коми.
     теттердiң техникалық жарақтануы мен
     бағдарламалық қамтамасыз етiлуi
     деңгейiн талдау
 5.  Экспорттық бақылаудың автоматтан.         1996      Бұл да сол
     дырылған жүйесiн дәлелдеу және           жылдың
     дайындау мен жүйенiң жобалау, жүзеге     тамыз-
     асыру және пайдалану құнын бағалау      қыркүйегi
     жөнiнде түсiндiрме хат әзiрлеу
 6.  Экспорттық бақылаудың автоматтан.         1996       Орындаушы
     дырылған жүйесiнiң бағдарламалық        жылдың
     қамтамасыз етiлуiн әзiрлеу            қаңтар-ақпаны
 7.  Министрлiктер мен мемлекеттiк коми.    1997 жылдың   Орындаушы,
     теттердегi экспорттық бақылаудың      ақпан-наурызы  жұмыс тобы
     автоматтандырылған жүйесiн ұйым.
     дастыру жөнiндегi бағдарламалық-
     техникалық құралдарды монтаждау.
     Бағдарламалық техникалық құралдар.
     дың ақпаратты қорғаудағы берiктiгiн
     бақылау. Министрлiктер мен мемле.
     кеттiк комитеттердiң мамандарын
     оқыту
 8.  Экспорттық бақылаудың автоматтан.     1997 жылдың    Орындаушы
     дырылған жүйесiнiң бағдарламалық-       наурызы
     техникалық құралдарын кешендi
     күйiне келтiру және ведомствоара.
     лық байланыстарды ұйымдастыру
 9.  Экспорттық бақылаудың автоматтан.     1997 жылдың    Орындаушы.
     дырылған жүйесiн пайдалануды iске     наурыз-сәуiрi  жұмыс тобы
     қосу
 10. Экспорттық бақылаудың автоматтан.     1997 жылдың    Орындаушы
     дырылған жүйесiнiң кепiлдiк           сәуiр-қазаны
     iлеспелiгi
 11. Экспорттық бақылау жүйесiн құруға     1997 жылдың  АҚШ Сауда
     қатысушы министрлiктер мен мемле.    қаңтар-сәуiрi министрлiгi.
     кеттiк комитеттердiң мамандарын                    нiң өкiлi,
     оқыту мен даярлау орталығын құру                   Қазақстан
                                                        Республикасы.
                                                        ның Өнеркәсiп.
                                                        саудаминi,
                                                        жұмыс тобы,
                                                        Орындаушы
 12. Nunn-Luger бағдарламасы бойынша      1997 жылдың   Бұл да сол
     құрал-жабдықтарды жеткiзу           қаңтар-наурызы
 13. Жабдықтарды монтаждау                1997 жылдың   Бұл да сол
                                         ақпан-сәуiрi
 14. Экспорттық бақылаудың автоматтан.    1997 жылдың   Бұл да сол
     дырылған жүйесiнiң бiрiншi кезеңi.  наурыз-тамызы
     нiң бағдарламалық қамтамасыз етi.
     луiн жаңа техникалық құралдарын
     енгiзу жағдайына бейiмдеу
 15. Экспорттық бақылаудың Nunn-Luger    1997 жылдың    Орындаушы,
     бағдарламасы бойынша келiп түскен  тамыз-қыркүйегi жұмыс тобы
     техникалық және жүйелi бағдарлама.
     лық құралдарға бейiмделген авто.
     маттандырылған жүйесiн iске қосу
 16. Экспорттық бақылаудың автоматтан.    1997 жылдың  АҚШ Сауда
     дырылған жүйесiнiң кепiлдiк           қыркүйегi   министрлiгi.
     iлеспелiгi                           1998 жылдың  нiң өкiлi,
                                           қыркүйегi   Орындаушы 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады