Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 430 қаулысына өзгертулер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 19 тамыз N 1026

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк органдардың шектi шығыстары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 сәуiрдегi N 430 қаулысына мынадай өзгертулер енгiзiлсiн:
      Аталған қаулының "Қызметтiк iссапарларға арналған шығыстар" атты 1-қосымшаның 5-бағаны:
      "Мемжерком" жолындағы, реттiк нөмiрi "26", "679" цифры "1144" цифрымен ауыстырылсын;
      "Ақмола қаласына жоғары және орталық мемлекеттiк органдарды

көшiру жөнiндегi мемкомиссия" жолындағы, реттiк нөмiрi "47", "923"
цифры "1873" цифрымен ауыстырылсын;
     "Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық
агенттiк" жолындағы, реттiк нөмiрi "53", "813" цифры "1005" цифрымен
ауыстырылсын;
     "Министрлiктер мен ведомстволар бойынша жиыны" жолындағы
"111993" цифры "113600" цифрымен ауыстырылсын;
     "Барлығы" жолындағы "419107" цифры "420714" цифрымен
ауыстырылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады