1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Батыс Қазақстан темiр жолы басқармасының (Ақтөбе қаласы) республика бюджетi алдындағы заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 31 (отыз бiр) млн. теңге сомасын Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ГМ-172/6 мекемесiне қосымша абонентi ретiнде энергия ресурстары үшiн берешегi бар Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерi N 6656 әскери бөлiмiн қаржыландыру есебiне бiр жолғы есептеу жүргiзсiн.
2. Қаулының 1-тармағында айқындалған сомадағы аталған есептеу жүргiзу мыналардың есебiне есептелсiн:
Батыс Қазақстан темiр жолы басқармасы (Ақтөбе қаласы) "АКӨБ" (Ақтау қаласы) акционерлiк қоғамының кредиторлық берешегiн өтесiн;
"АКӨБ" (Ақтау қаласы) акционерлiк қоғамы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi ГМ-172/6 мекемесiнiң кредиторлық берешегiн өтесiн;
Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң ГМ-172/6 мекемесi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерi N 6656 әскери бөлiмiне қосымша абонентiнiң кредиторлық берешегiн өтесiн.
3. Берешектi есептеудi аталған соманы 1996 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып жүргiзсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi